• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2010

ӘЛЕМ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ ТӨРАҒАЛАРЫ БАС ҚОСАДЫ

409 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел Парламентінің делегациясы Парламентаралық Одақ аясындағы Парламент төрағаларының Бүкіләлемдік үшінші конференциясының жұмысына қатысу үшін Женева қаласына аттанды. Делегация құрамында сенатор Орынбай Рахманбердиев және Мәжіліс депутаты Бағила Баймағамбетова бар. Үстіміздегі жылдың 19-21 шілде аралығында БҰҰ-ның Женева бөлімшесінде өткізілетін бұл жиын әлемнің 150-ден астам парламенттері төрағаларының басын қосады. Оның барысында БҰҰ-ның Мыңжылдықтың даму мақсаттарын жүзеге асырудағы көпжақты ынтымақтастықты ны­ғайту арқылы, жаһандық қатер­лер­ге қарсы тұру жолында пар­ламент­шілердің мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланудың өзекті мәселелеріне арналған үнқатысу болады. Фо­румның ашылу салтанатына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қатысады. Қазақстандық делегация бас­шы­сы Қ.Тоқаевтың дағдарыс тұ­сын­дағы парламенттердің рөлі туралы дебаттар аясында сөз сөй­леуі, әлем елдері парламенттерінің төрағаларымен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу­лері қарастырылған. Кездесулер барысында екіжақты қатынастар, өзара мүдделер тұрғысындағы өзекті халықаралық және аймақ­тық мәселелер бойынша пікір алмасатын болады. Парламентаралық Одақ ұйым­дас­тырған Парламент бас­шы­ла­ры­ның Бірінші Бүкіләлемдік кон­фе­рен­циясы Мыңжылдық Саммитіне орайластырылып, 2000 жылы Нью-Йорк қаласында өткізілді. Онда халықаралық ын­тымақ­тас­тық­қа парламентаралық өлшем беру бастамасы ұсынылды, деп ха­бар­лады Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.