Ормұз бұғазы арқылы өткен үш сауда кемесіне жасалған шабуылдарға жауап ретінде АҚШ-тың әскери операциясы Ирандағы нысандарға ауқымды соққылар жасай бастаған. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ВВС мәліметінше, сейсенбі күні Ормұз бұғазында екі мұнай-газ танкеріне шабуыл жасалды. Қатар Иранды газ тасымалдаушы танкерге шабуыл жасады деп айыптады. Кеме ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырап, машина бөлімінде өрт шыққан. Экипаж мүшелері эвакуацияланды. Reuters агенттігінің дереккөздері өрттің жарылыс қаупін тудырғанын хабарлады.
Теңіз қауіпсіздігі саласындағы дереккөздердің мәліметінше, Оман жағалауында Сауд Арабиясының туы астында жүзген тағы бір газ тасымалдаушы танкер зақымданған. Ал Тегеран бұл шабуылдарға қатысы барын мәлімдеген жоқ.
АҚШ Иранмен соғысу үшін қанша қаржы шығындады?
Еске салайық, АҚШ пен Иран арасындағы соғыс маусым айында қол жеткізілген уақытша бейбіт келісім аясында тоқтатылған болатын. Бұл келісім түпкілікті мәміле жасау жөніндегі келіссөздерге 60 күн уақыт беруді көздейді.
Өткен аптада Қатарда өткен жанама келіссөздер – бейбіт реттеу бағытында, соның ішінде Ормұз бұғазы мәселесі бойынша айтарлықтай нәтиже бермей аяқталды.