Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 9-11 шілде аралығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғып, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Аптап ыстықтан Эйфель мұнарасының биіктігі өзгерді
9 шілдеде елдің шығысында да жаңбыр мен найзағай сақталады. Кей өңірлерде жауын-шашын мол болуы ықтимал. Одан кейін бұл аймақта жауын-шашын тоқтап, күн ашылады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.
Аптап ыстықта көлікті қалай қорғауға болады?
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі:
Батыс пен оңтүстік-шығыста - +33...+42 градусқа дейін;
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде - +32...+40 градусқа дейін;
Оңтүстікте - +38...+45 градусқа дейін;
Шығыста - +30...+38 градусқа дейін.
Мамандар тұрғындарға аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге кеңес береді.