• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Петропавлда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шетелдік ұсталды

210 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 30 маусым. Облыс орталығындағы базарлардың бірінде құмар ойын арқылы адамдарды алдап,  пайда таппақ болған ресейлік азамат құрықталды. Бұл туралы ОІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Тепсе, темір үзетін жастағы жас жігіт Ресейдің Урал өңірінен келіпті. Өзінің айтуынша, қалтасындағы қаражаты жұқарып қалған соң амалсыздан ойын бизнесімен айналысқан көрінеді. Аузы аңқиған аңқау адамдарды халық көп жүретін базарлардың бірінен тауып, «шарик-малик» ойынына тартқан. Көнге кемінде 500 теңге салуды міндеттеп, оймақ астына жасырған заттың оп-оңай табылатын айтып, құмарпаздардың делебесін қоздыра түскен. Ойынға қатысушылардың айтуынша, қанжығасы аз майланбаса керек. Енді ол бизнес ойынын заңсыз ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Жыл басынан бері облыс орталығында осындай заң бұзушылыққа барған 4 адамға әкімшілік шара қолданылыпты. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар