АСТАНА. 30 маусым. Либерия мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір жарым айда геморрагиялық эбола безгегінің алғашқы дерегін тіркеді. Вирустан қаза болған 17 жастағы жасөспірімнен жұқпалы індет табылған. Бұл туралы 24today.net хабарлады.
Ведомства басшысының орынбасары Толберт Ньенсвтің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда дәрігерлер безгек дертінен көз жұмған марқұмның өмірінің соңғы күндері қай жерлерде болғанын анықтауға тырысуда. Либерия халқын сақ болуға шақырған Толберт Ньенсв дүрлігуге еш себеп жоқ екенін де атап өтті.
Көрші екі мемлекет – Гвинея мен Сьерра-Леонеде эбола дертін жұқтырғандар санының артқаны байқалады. Індеттің өршуі Батыс Африкада жауын-шашын маусымының басталуымен қатар келіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, геморрагиялық безгек індетінің таралу тарихында ең көп құрбандар саны 11 мың адамнан асқан.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24today.net.