• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2015

Теңдесі жоқ ота

230 рет
көрсетілді

өмірімді сақтап қалды дейді Орал қаласының тұрғыны Газетіміздің Орал қаласындағы тілші қосынына жасы алпысты алқымдап қалған азамат келді. Өзін таныстырды. Аты-жөні Самат Бекмағамбетов екен. Жасы елудің сегізіне шығыпты. Шаруаңызды айта отырыңыз дедім мен заманы бір жасы өзім құралыптас азаматқа. Оның айтайын деген әңгімесінің ұзын-ырғасы төмендегідей болып шықты. Ол бас миында пайда болған ісіктен біраз уақыт қатты қиналып зардап шегіп келіпті. Тіпті, өмірден күдерін үзгендей мазасыз да азапты күй кешеді. Өйткені, басын қорғасындай жайлаған ауыр дерт оның жанын қай­да қоярға жер таптырмайды. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылады. Өзімен өзі ыш­қынып, тістенеді. Оған қой­ылған диагноз өте ауыр әрі күрделі болғандықтан об­лыстағы мамандар ота жасау үшін оған елордасы Ас­танада орналасқан Ұлттық ней­рохирургия орталығына барып емделуге жолдама береді. Сәтін салғанда, оның мұнда өмірден үзіле бастаған үміті қайта жал­ғанады. Саматтың айтуынша, аталған орталықтағы Серік Ақшолақов бастаған нейрохирургтер жасаған теңдесі жоқ ота елімізде тұңғыш рет іске асыпты. Біз бұл деректің мәні­сіне тереңірек қанығу мақ­сатында Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметі мамандарына хабар­ласқан едік. «Егемен» арқы­лы оларға алғысы мен риза­шылығын жеткізуді қажет деп тапқан, бүгінде дертінен мүлдем айыққан жанның айтқаны айна-қатесіз рас болып шықты. Нақтырақ айтқанда, бастың сол жақ қуысында оның маңдайға түйісетін тұсында пайда бол­ған қатерлі ісікті микрохирургия жолымен сылып тас­тау тәсілі отандық медицина тарихында алғаш рет атқа­рылыпты. Бұл үшін бұған дейін қолданылып көрмеген тың тәсіл – нейронавигациялық жүйе пайдаланылыпты. Ота­ның мұндай түрінде науқастың сана-сезімі сол кезде жоғалмай сақталады екен. Иә, жасыратын ештеңесі жоқ, мамандардың мәлім­деуінше, Ұлттық орталыққа келген кезде Самат Бекма­ғамбетовті қос бірдей қатер күтіп тұрыпты.Оның біріншісі, өмірмен қоштасу болса, екін­шісі, тірі қалған күннің өзінде де ғұмыр бойы мүгедек болып қалу қаупі. Дегенмен, қазақстандық білікті нейрохирургтер – Серік Ақшолақов пен Нұржан Рыскелдиевтің, Айдос Досқалиев пен Ғабит Ілиясұлының және анестезиологтер Марс Нұрдинов пен Бауыржан Қонақбаевтың кәсіби шеберліктері оны мұндай қатерлерден сақтап қалыпты. Екі сағатқа созылған ота жақсы нәтиже беріпті. Мәселе, отаның өте күрде­лілігі мен аса нәзіктігінде. Оның үстіне Брок­ка орта­лы­ғына тым жақын орна­лас­қаны да мәсе­ле­ні қою­ла­та түсіпті. Жо­ға­ры­­да ай­тыл­ғандай, ней­рона­вига­ция­лық жүйе қол­даныл­маған жағ­дайда пациенттің бері сал­ғанда өмір бақи мылқау болып қалуы да әбден мүмкін екен. Әрі ота кезінде науқасқа ней­рофизиологиялық бақылау бір мезгілде жүргізіліп отыр­ған. Сонымен бірге ота үс­те­лін­де жатқан жанмен нейрохи­рургтер сөз сөйлеу байланы­сына шығу арқылы оған ті­келей бақылау жасап отыр­ған. Бұл әдіс мидағы сөз қоз­ға­лысы орталығына зақым кел­меуіне септігін тигізген. Әрі науқастың өмір сапасын сақ­­тап қалуына оң ықпал еткен. «Егеменнен» елге кел­ген азамат Самат Бекма­ғам­бетовтің ойы орнықты, пікірі байыпты сөзі салмақты екені де бірден байқалады. Оның жанарында өмірге құштарлықтың сөнбес шоғы маздап тұр. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.