АСТАНА. 30 маусым. Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Израиль премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді.
Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхуды Израиль премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын белгіледі.
Телефон арқылы сөйлесуге Израиль жағы бастамашылық етті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.