АЛМАТЫ. 17 мамыр. Кеше, сенбі күні Алматыда екпінді жел соғып, жаңбыр жауды. Осының салдарынан ағаштар қирап, шатырлар ұшқан. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, қатты жел ағаштарды құлатып, үй шатырларын жұлып әкеткен. Орталық көшелер мен даңғылдарда бағдаршамдар істен шығып, сымдар үзілді. Бірнеше қала тұрғынының автокөлігі құлаған ағаштардың астында қалып қойды. Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым аумағында 16-18 мамыр аралығында жауын-шашынды ауа райы болады деп ескерткен еді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: BNews.kz.
https://youtu.be/j4IuDwHi_fc