Кеңеске Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Онда арнайы органдардың қызметін жетілдіру, талдау және болжау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ, оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Президент, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, бес институттық реформаның және «Нұрлы Жол» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негізделуі тиіс екендігін атады. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.