• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Бұл аптада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр басылмайды

359 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ.18 мамыр. Қазақстан синоптиктері еліміздің басым бөлігінде бұл аптада жаңбырдың басылмайтыны жайында болжам жасады. Бұл туралы BNews хабарлады. Республиканың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймағында ауа райы жыл мезгіліне сай тұрақты болады. Батыс Қазақстан мен Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, күндізгі уақытта Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында күн күркіресе, Маңғыстауда тұман түседі. Сонымен қатар, «Қазгидрометтің» таратқан мәліметінде Атырауда жел күшеюі мүмкін делінген. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Bnews.