• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Апатқа ұшыраған «Протон» зымыранына қатысты коммисия іске кірісті

267 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 18 мамыр. «Протон-М» зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты мемлекеттік коммиссия іске кірісті. Коммиссияны «Роскомос» мекемесінің бірінші басшысы Игорь Комаровтың өзі басқарады. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады. Апаттың маңыздылығына орай коммиссияның құрамына Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Әскери-өнеркәсіп мекемесінің, Зымыран-ғарыштық бірлестігінің, сондай-ақ, зымыран ғарыштық кәсіпорындар мен институттардың өкілдері кірді. Мексикалық MexSat-1 жер серігі тіркелген «Протон-М» зымыран тасығышы 16 мамыр күні таңертең «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған. Ресми мәліметтерге қарағанда, ұшу барысының 497 секундында байланыс үзілген. Бұл мезетте зымыран-тасығыштың үшінші сатысының ажырауына, яғни зымыранның ғарыш кеңістігіне шығуына 1 минут уақыт қалған. Бір мәліметтер бойынша зымыран ұшу траекториясында толықтай күлге айналған, енді бір мәліметтер бойынша зымыранның кесек-кесек қалдықтары Байкал көлінің маңына құлауы мүмкін. «Роскосмостың» баспасөз қызметі бірінші мәлімдемесінде мексикалық жер серігі мен ұшу бағдарламасы алдын-ала сақтандырылғанын хабарлап үлгерді. Апатқа үшінші сатыдағы қозғаушы аппаратттың зақымдануы себеп болған деген болжамдарға қарамастан, мемлекеттік коммиссия әзірге бұл туралы ешқандай да мәлімет таратқан жоқ. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: РИА "Новости".