Бесқарағай ауданында ілкіде өртеніп кеткен 130 гектар орман алқабы қалпына келтірілмек. 1997-2006 жылдар аралығында орын алған өрттен зардап шеккен қарағайлы белдеулер мен орман ресурстарын қалпына келтіруге бағытталған еліміздегі бірегей орман тәлімбағы Бесқарағай ауданында орналасқан. Швед технологиясы бойынша орман ағаштарын өсіретін тәлімбақ арқылы келесі жылы 8,5 млн. ағаш көшеті егілетін болады.
Канонер ауылдық округіне қарасты Қарамырза ауылының жанындағы тәлімбақ кешені Бүкіләлемдік даму банкінің «Қазақстан Республикасындағы орман-тоғайлы аумақты арттыру және орманды сақтау» жобасы шеңберінде салынған.
– Ертіс өзенінің жағалауындағы 130 мың гектардан астам қарағайлы орман белдеуі тоқсаныншы жылдары өртеніп кеткені белгілі. Осыған орай, ауданда орман ресурстарын қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Әрине, орманды қысқа мерзімде қалпына келтіру оңай емес. Алайда, бірнеше жылдардың ішінде атқарылған тиімді іс-қимыл нәтижесінде біз осы бірегей тәлімбақтың жас көшеттерін отырғызуға мүмкіндік алып отырмыз, – деді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы.