Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Мәскеуге келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Ол сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен келіссөз жүргізеді және Федерация Кеңесінің отырысында сөз сөйлейді.
Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатия академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.