• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Халық ерекше шабытпен қабылдаған қадамдар

355 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Президент Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев тара­пынан ұсынылған бес инсти­тут­тық жаңа реформаны ерекше шабытпен қабылдады. Бірінші. Қазіргі, кәсіби және автономды мемлекеттік аппараттың қалыптасуы. Екінші. Меншік құқығын ке­пілдендіретін заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету. Үшінші. Әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу. Төртінші. Болашақтың біртұтас ұлты. Бесінші. Транспарентті және есеп беруге тиісті мемлекет. Әуелі экономикалық бағдар­ла­маларды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, нақты анық­талған қазіргі, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесіне тоқталғым келіп отыр. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не? Бұл – мемлекет тарапынан қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, адамдардың өмірін жақсарту бо­йынша тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік функциялардың кәсіби орындалуы. Экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру тәуелді болатын қазіргі кәсіби автономды аппараттың сапалы жұмысының халық игілігі үшін маңызы ерекше жоғары. Осы орайда, Мемлекет басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметтің саяси деңгейінің тәуелділігін ерекше атап өтті. Ұсынылатын қыз­меттердің сапасына да арнайы тоқ­талды. Ал тұтастай алғанда, Қазақ­станда тиімді басқару бо­йынша барлық жағдайлар жасалған. Конкурс негізінде мемлекеттік қыз­метке іріктеу жасалатын А корпусы мен Б корпусы анықталды. Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін қызметкерлердің кәсіби білік­тілігін толық ескерместен қызмет бойынша топтық ауысты­ру­мен өте жиі бетпе-бет келіп отырмыз. Мұндай жайттар көрсе­тілетін мемлекеттік қызмет сапасына тікелей кері әсер ететін тамыр-таныстық, сыбайлас жем­қорлық үшін жағдайлар жасайды. Біз тамыр-таныстық, кәсібиліктің болмауы және т.б. негізгі себебі болып табылатын сыбайлас жемқорлық құбылыстары туралы жақсы білеміз. Бізге мемлекеттік қызметкерлер тарапынан келеңсіз құбылыстарды жою бойынша заң жобаларын, мысалы, «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заң, басқа да заңнамалық актілер қабылданды және келешекте мемлекеттік қыз­мет туралы мақалалардың, «Сы­бай­лас жемқорлықпен күрес тура­лы» Заңның және басқа заңнама­лық актілердің тізбесін қарап шығу қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің барлық деңгейлерінің білімдерін тексеру қажет. Сондықтан бар­лық деңгейдің аттестациясын өткіз­ген жөн. Меритократия қағида­ларын қорғау және сыбайлас жем­қорлыққа жол бермеу бойынша нақты жұмыстар жасалуы керек. Кәсібилік мансаптық өсу­дің бастапқы кезеңімен, яғни оның кәсіби өсуімен анықталуы тиіс. Мери­тократия қағидалары негізін­де өзін өзі жүзеге асырудың бірдей мүмкіндіктері Президент Нұр­сұл­тан Назарбаев ерекше көңіл бөлген адамның діни және этностық қатыс­тылығына қарамастан, әрбір азаматта болуы қажет. Сондық­тан меритократия тек мемлекет­тік аппараттың ғана емес, сонымен бірге, барлық мемлекеттік сектор­дың, оның ішінде соттардың, құ­қық қорғау органдарының, ұлт­тық компаниялардың және холдинг­тердің қағидасы болуы тиіс. Өкінішке қарай, аталған себептер тізбесі мемлекеттік секторда төмен еңбекақы салдарынан аз тартымды себептердің бірін құрайды. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін нақты мансаптық келешегі мен біліктілігі жоқ екені анық көрінеді. Мемлекеттік қызметке кім лайық болса және тиісінше жоғары біліктілік көрсетсе, соған сәйкес еңбекақы төлемін алуы қажет. Біз жас мемлекетпіз, сондықтан әлі де болса мемлекеттік қызмет­кер­лердің сапалық анықтамасы бойынша дамыған елдердің тәжі­­рибесін зерттеуіміз керек. Әсіресе, мемлекеттің ұзақ мер­зімді бағдарламасы басшының ауы­сына тәуелді болмайды деп анық жазылған Германия, Ұлы­британия, Франция сияқты елдердің тәжірибелерін қарастыр­сақ, ұтылмайтынымыз айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ, біз шетел­де білім алып жатқан студент­терге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұл Қазақстанның одан әрі эко­номикалық өсуіне себін тигізетін кадрлық әлеуеттің дәл көзі болып табылады. Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.