Қысқа қайырып айтқанда:
«Ислам мемлекеті» әскери жасағының қатарында ЖИТС-пен ауырып инфекция жұқтырудың 16 жағдайы анықталыпты. Ауру жұқтырғандардың бір бөлігі жергілікті ауруханаға жатқызылса, қалған содырларды топ басшылары өзін өзі өлтірушілер қатарына қосқаны мәлім болды. Олар басып алған аумақта көп әйел алу және сексуальдық құлдық деген ұғым сақталып келеді. Токиодан Парижге бет алған ұшақты Франция азаматының денсаулығы күрт нашарлауына байланысты ұшақ Шереметьев әуежайына келіп қонады. Дәрігерлер әлгі әйелдің өмірін сақтап алып қала алмады. Үндістандық әскерилер Dassault компаниясы шығарған француздық Rafale әуе ұшағын сатып алудан бас тартатындықтары белгілі болды. Оның басты себебі ретінде әуе ұшақтарының тым қымбаттығы аталуда. Енді үнділік әскерилер балама ретінде ресейлік Су-30МКИ шабуылдаушы ұшақтарын сатып алмақ ниетте екендіктерін білдірген. Словакия аспанында жолаушылар тасымалдайтын «L-410» атты екі ұшақтың соқтығысуынан жеті адам қаза тапты. Жерден 1,5 мың шақырым биіктікте соқтығысқан ұшақта 40 адам болуы керек екен. Оның барлығы да екі ұшақтың апатына дейін парашютпен секіріп үлгеріпті. АҚШ қысым көрсетуге дайын АҚШ президенті Барак Обама конгресс мүшелерін егер Тегеран атомдық бағдарлама туралы келісімді бұзған жағдайда, АҚШ экономикалық қысым көрсетуге, тіпті, әскери күшті қолдануға дайын екендігін жеткізіпті. The New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті бұл ескертулерді өзінің хаты арқылы жолдаған. Осылайша, Обама Иран мен халықаралық арағайындық болып келе жатқан «алтылықтың» арасындағы келісімді қолдау үшін сенаторларды сендіруге күш салыпты. Бұл ретте ядролық бағдарламаға үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде Венада қол қойылған-ды. Ондағы мақсат Ираннан санкциялар алынып тасталып, мұнайын әлемдік нарыққа шығару екендігі мәлім.Германиядағы босқындар қақтығысы
Германияның орталық бөлігінде орналасқан босқындарға арналған лагерьде орын алған қақтығыстан 17 адам жапа шекті, олардың алтауы полиция қызметкерлері болып шықты. Зуль қаласында болған бұл қақтығыс бір ауғандықтың Құран парақшаларын жыртып, дәретханаға тастағанынан өрбіген. Төбелесті тоқтатпақ болған полиция қызметкерлері де соққыға жығылған. Үш сағатқа созылған қақтығысты басу үшін өзге қалалардан да полиция жасақтары шақыртылыпты. Реті келгенде Германиядан саяси баспана алуға үміттілердің саны 800 мың адамнан асып отырғандығын айта кету керек.Израиль тағы соққы жасады
Израильдің әуе күштері Сирия астанасы Дамаскіден 40 шақырым жердегі Кумейтра елді мекенінің инфрақұрылымы нысандарын бомбалаған. Оған сириялық аумақтан атылған зымырандардың себеп болғаны айтылады. Сонымен қатар, израильдік артилеррия сириялық әскер тарапына да оқ жаудырыпты. Бұл соққыдан ешкім зардап шекпесе де, айтарлықтай материалдық шығын орын алған. Сирия аумағынан атылған зымырандарды еш тарап өз мойындарына алмағанымен, Израиль бұл соққылардың Сирия билігі үшін көпке түсетінін ескертіп отыр. Негізінен Дамаск пен Тель-Авив арасындағы жағдайдың ушығуы Голланд асуларын 1967 жылы алты күндік соғыста Израильдің тартып алғанынан бері жалғасып келеді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.