• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2015

КҮЛКІ КЕРУЕНІ №18

332 рет
көрсетілді

Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы    Бөлімді  жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді Күллі әлемнің күлкісі Герцог бір деревнядан өтіп бара жатып, бет әлпеті өзінен аумай қалған шаруаға: – Айта қойшы, екеуміз өте ұқсас екенбіз, бір кездері осы жермен менің әкем өткен болуы керек ә?! – деп мысқылдайды. Сонда шаруа да сөзге қара жаяу емес екен: – Жо-жоқ, герцог мырза, нақты дерек бойынша бір кездері осы жермен сіздің шешеңіз өткен, – депті. *** Кеңес өкіметінің тұсындағы саяси бюро мүшесіне былай деп сұрақ қойыпты: – «Агрессия» деген сөздің мән-мағынасын түсіндіріп беріңізші? – Бұл деген  – бір мемлекеттің келесі бір мемлекетке қарулы күшпен СССР-дің рұқсатынсыз басып кіруі... *** Жүріп-тұрып, ойнап күлгендеріне бірнеше ай өткен соң қыз бала жігітіне еркелеп: – Маубасым, мені туған-туыстарыңмен таныстырмайсың ба? – дегенде, жігіті желкесін қасып: – Соны қайтерімді білмей басым қатты... Балаларым енемнің қолында, ал әйелім жақында ғана курортқа кетіп еді...  – депті. *** – Оқуға түссем бе екен, жоқ күйеуге шығайын ба? Шешесі: – Қайсысынан құлап қалмайсың, соны істе, балам. *** – Қымбаттым, киім ілуші қызға сонша неге жомарттық көрсеттің? – Жаным, бері қарашы, ол маған қандай тамаша пальто берді.   * Татар әзілдері Қиын мәселе Адамның маймылдан жаратылғаны туралы бір ғалым лекция оқыпты. Тыңдаушылар ғалымға сұрақ бере бастағанда, бір қарт адам: – Мен,  зоопаркте көз ашқалы келемін, міне тек күзетші болғанымның өзіне биыл табандатқан 40 жыл болды. Осынша уақыт ішінде біздегі маймылдардың бірде-біреуінен адам туған жоқ. Сіз айтқан маймылдан адам шыққанда, біздің маймылдың мұнысы қалай?! – деп таң-тамаша болыпты. Жездеден қалған мұра Жездесі өлген біреуден жолдастары: – Жездеңнен қанша мұра қалды? – деп сұрайды. – Төрт қыз қалды, – деп жауап беріпті балдызы. Төсектегі төртеу Қайын атасы күйеу баласынан: – Қалай тұрып жатырсыңдар, балам? – деп сұрапты. Күйеу баласы: – Бір төсекте төртеу жатамыз,  – деп жауап беріпті. – Оларың қалай, жатар орындарың тар ма? – Жатар орын жетеді, тек төсекте қызыңыз өлген күйеуін, мен өлген әйелімді ойлап жатамыз. Таза ауаның пайдасы Әкмал ақсақалдан: – Жасыңыз алпыстан асса да өңіңіз әлі жап-жас, бұл неліктен? – деп сұрапты. – Менің жап-жас болып жүргенім әйелімнің арқасы ғой, – депті Әкмал. – Оның өзі мінезі шайпау  адам, ылғи  ұрыс-жанжал шығарып, тегі үйден  мені қуып шығады. Сөйтіп,  өмірімнің көбі далада, таза ауада өтіп келеді. Жасыма қарамай жасарып жүргенім содан.   Көңілдегі « көріксіз» ойлар Адамның дарынды-дарынсыз екенін де коммунистік партия анықтап отырған заманда өмір кешкендердің де арманы бар ма екен?! *** Түрмені де ойлап тапқан – бостандық. *** Социализмнің күнде  алдымызға тартқан прогресінің арқасында болашағымызды болжай алмай қалдық. Бір «әттеген-ай» сол! *** Аштық жариялау үшін де адам тоқ болуы керек екен. Себебі, дүкендерде азық-түлік  азайып әрі қымбаттап еді, аштық жариялаушылар саны күрт төмендеді. *** Коммунизм орнатамыз деп жетпіс жыл тыртаңдаған Кеңес Одағы халықтары қолдарынан коммунизм орнатудан басқаның бәрі келетінін дәлелдеуге атсалысу үстінде болды. *** Заңды жетік білген – қылмыс та жасай біледі. *** Қоғам екі иінінен демалып тұр, демі қашан бітері белгісіз. *** Жетпіс жыл бойы дұшпандарды Америка Құрама Штаттарынан іздеп, әуре-сарсаңға түсіп жүрсек, олар өз ортамызда жүр екен. *** Неше түрлі партия дүниеге келді. Мені таңдандыратыны әлі күнге дейін маскүнемдер  партиясының ұйымдаспауы! *** Тарихты қайта жазған адам – оны бүлдірмей қоймайды. *** Тарихтың «ақтаңдағын» өшіремін деген адам – сол тұста қара бояуды  молырақ жақпақ.  Сайымжан Еркебай.