• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2010

ЖАҢА...

443 рет
көрсетілді

...одақ құрылды Облыс әкімі Сергей Дья­чен­ко “Ақмола облысының құ­рылыс саласы кәсіпорындары одағы” бірлестігінің құрылтай жиналысына қатысып, құры­лыс­шылар алдында тұрған мін­деттерді нақтылады. Елбасы Жол­дауына сәйкес, “Әр өңір­де­гі әрбір индустриялық жоба биліктің ғана емес, жұртшы­лық­тың да бақылауында бола­ды. Бұл орайда, бүгін құрылып отырған жаңа одақ ықпалды іс-әрекетімен танылуы тиіс”, деп атап көрсетті ол. Облыс құрылысшылары, сала жүгін мойнына алған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлға­лар, көрші Петропавл қала­сы­ның өкілдері қатысқан жиында “Зеленстрой” ЖШС директо­ры, облыстық мәслихат депу­та­ты Г.Осиненко, облыстық құ­рылыс басқармасының бастығы М.Косачев, облыстық кәсіп­кер­лік және өнеркәсіпті да­мы­ту басқармасының бастығы М.Қойшыбаев және басқалар сөз сөйледі. Одақтың басқарма төрағасы болып Т.Шапағатов сайланды. Бақберген АМАЛБЕК,  Ақмола облысы. ...аурухана пайдалануға берілді Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы ая­сын­да Іле ауданының Құйған ауылында жаңа аурухана үйі пай­далануға берілді. Оған 74 млн.теңге қаржы жұмсалып, құ­рылысты “Тұмар” жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігінің құ­рылысшылары сапалы са­лып, мерзімінде ел игілігіне ұсынды. Аурухананың ашылуын ха­лық қуанышпен қабылдап, аудан әкімі бастаған көпшілік оның ішкі жағдайымен таны­сып, ақ халатты абзал жан­дар­дың жаңа медициналық құрал-жабдықтарды меңгергендігін өз көздерімен көрді. Жиынға қатысқандар Мем­ле­кет басшысына алғыстарын жеткізіп, денсаулық сақтау са­ласына жасалған қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. Енді басы ауырып, балтыры сызда­ған­дар ат сабылтпай, өз ауы­лын­да емделуіне мүмкіндік туды. Күмісжан Байжан, Алматы облысы. ...ескерткіш ашылды “Ұлтымның намысы – ме­нің намысым”. Сидней Олим­пиа­дасының қаһарманы Бекзат Саттарханов осылай деп еді. Ардакүреңінің үзеңгісіне аяқ салған күйі қайтпас сапарға ат­та­нып кеткен ұланның Отаны, өз ұлты дегенде шығарда жаны басқа болатын. “Қазақ – рухы биік халық. Өз жұртыма Олим­пия ойындарының үш алтынын сыйлаймын”, дегені де құлақ түбінде жаңғырады да тұрады. Елім деген ерді ұмыту мүмкін емес қой. Түркістан қаласының әкімі Қайрат Молдасейітов жарады. Ол өз елін әлемге мәш­һүр еткен Бекзат Саттар­ха­новқа ескерткіш орнатуға мұ­рындық болды. Енді киелі Түр­кістан шаһарына кіре берістегі  Бекзат ескерткіші бір­ден көзге түседі. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.