АСТАНА. 24 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Замир Садықұлы Сағынов 1966 жылы 18 қазанда Батыс Қазақстан облысында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: tengrinews.kz.