• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Он перзентінің тоғызы дәрігер

359 рет
көрсетілді

Балтабай ағаның әкесі Үсен­бай ақсақал кезінде елге белгілі сынықшы болған екен. Ал анасы Күлайша ауылда мал дәрігері қызметін атқарыпты. «Әке көрген оқ жонар...» деген, Балтабай ата балаларының медицина саласын таңдауына көп күш салыпты. Бүгінде Балтабай Үсенбаевтың 10 баласының  9-ы, 2 келіні, 2 күйеу баласы ме­дицина саласында еңбек етіп жүр. Яғни, бір әулетте 13 ақ халатты жан бар. Бұлар бар өмірін адам денсаулығын емдеуге арнап, халықтың алғы­сына бөленіп жүрген жандар. 26 немересінің үшеуі Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері. Олар да болашақ дәрі­герлер. Осы отбасының құт-берекесі болып отырған Балтабай ата мен Тохтан апа бала тәрбиесіне аса мән беріп, жас ұрпақтың бойы­на адамгершілік, бауырмалдық, та­ту­лық, қайырымдылық, әдеп­тілік, инабаттылық сияқты қасиет­терді шым-шымдап сіңіруден ешқашан жа­лыққан емес. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.