• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Ресей жеріндегі ескерткіш

448 рет
көрсетілді

Бұл ескерткіш облыс орталығындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ негізінде Еуразиялық топтың (ERG) «Батырлар жолымен» халықаралық патриоттық жобасы аясында Псков облысы Новоржев қаласында ашылды. Павел Дубовой біздің об­лыс­­­тағы Ақтоғай ауылында ту­ған. Соғыс кезінде №115 Холм ди­­ви­зиясы №292 атқыштар пол­кі­нің жауынгерлерімен бірге пан­филовшы ба­тырлардың ерлігін қайталады. – Павел панфиловшылар біздің жерлестеріміз. Жаудың бетін қайтаруға біз бірінші болып барамыз! – дегенде оған оралдық Мақарым Көбегенов, рота командирі Григорий Дуда басқа жауынгерлер қосылды, – деп әңгімелейді Дубовойдың жиені Надежда Фурманова. Алған беттен қайтпаған жауынгерлер 1944 жылдың 7 нау­рызында аттанып, түні бойы биіктікті алу үшін шайқасады. Өздері де ерлікпен қаза табады. Бұл ерлікті Новоржев қаласында Павел Дубовой мүсінінің ашы­луына орай батырдың туыс­қандары мен жерлестері, қала жұрт­шылығы жиналып тағы бір сәт еске алды. Қала бас­шысы Михаил Пашков Еуразиялық топтың «Ба­тырлар жолымен» – «До­рогой славы» атты ха­лықаралық патриоттық жобасына алғыс білдірді.   – Қалада Павел Дубовой атында көше бар. Бүгінде өздері жаудан қорғап қалған Бородин биіктігіндегі ес­керткіште оның есімі ойылып жазылыпты. Мүсін авторы – ресейлік суретші Борис Сергеев. Ескерткіш Смоленск қаласының түс­ті металл құю цехында құйылған, – дейді бұл күнде соғыс өрті өткен жер­­ге барып қайтқан делегация мүшелері. Бұдан әрі деле­гация мүшелері Бородино биік­тігіне, сонымен қатар, бау­ырластар зиратына барып тағ­зым етіпті. Бауырластар зи­ратында Дубовоймен бірге мүрдесі жатқан оралдық жауынгер Мақарым Көбегеновке халықаралық патриоттық жоба аясында ескерткіш тақта орнатылды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.