• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Ынтымақтастық нәтижесі

289 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_74004" align="aligncenter" width="560"] 01 Left[/caption] «UnionPay-мен бірге халықтық білім беру» стипендиясы жеңімпаздарына Altyn UnionPay Gold төлем карталары берілді Өткен жұма халықаралық деңгейде білім алуға ұмтылған бірқатар жастар үшін жақсы өтті десе де болады. Осылайша Алма­тыда «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Қазақстан) пен «UnionPay International Co., Ltd» (ҚХР) бірігіп қолға алған «UnionPay-мен бірге халықтық білім беру» стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздары анықталып, студенттерге Altyn UnionPay Gold төлем карталары табысталды. Егер оқырман есінде болса, жаз басында «Боламын деген балаға банктер де болысады» деген сұхбат ұйымдастырып, биыл мамырда Бейжіңде өткен Ха­лықаралық кеңестің VI оты­рысының шеңберінде UPI банк қытайлық төлем жүйе­сімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыл­ғанынан хабардар ете отырып, ынтымақтастық аясында Қытайда оқып жатқан немесе оқығысы келетін Қазақстан студенттеріне арналған сти­пендиялық бағдарламаны дамыту да бар екені жайлы «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Марат Әлменовпен бірге кеңінен әңгімелеген болатынбыз. Сонымен аталмыш бағдарлама аясында жолы болған жастар білім гранттарына ие болды. Салтанатты шараға «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Марат Әлменов пен UnionPay International Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша өкілдігінің бас директоры Джанг Ченгдонг қатысты. «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары М.Әлменовтің «UnionPay-мен бірге халықтық білім беру» стипендиялық бағдарламасы China UnionPay компаниясымен және оның UnionPay International (UPI, Қытай) халықаралық бөлім­шесімен көптеген жылдар бойы іске асырып келе жатқан халық­аралық ынтымақтастық бағыт­тарының бірі екендігін атады. М.Әлменовтің айтуынша, жуырда Ұлттық ғылым академия­сының президенті Мұрат Жұ­рыновтың басшылығымен қа­зылар алқасының отырысы өтіп, іріктеу нәтижесінде еліміздің әр аймағынан конкурстың 50 жеңімпазы таңдалған. Қысқасы, Алматыда тұратын, немесе өзге жерден келген студенттер Altyn UnionPay Gold кар­таларын Марат Әлменов пен Джанг Ченгдонг мырзаның қолынан алды. Қалған стипендиаттар төлем карталарын Қытайда Нұрлан Яхьяров немесе UnionPay International (Шанхай, ҚХР) бас кеңсесінде алады. Бұрын айтылғандай, стипендиаттар ҚХР-дың оннан астам ЖОО-да оқиды немесе оқитын болады. 50 стипендиат оқу жылы бойы өздерінің Altyn UnionPay Gold кар­таларына 500 (бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде ай сайын­ғы стипендияны алып тұрады. Сонымен стипендияға ілігуге 88 үміткер ұмтылған. Қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдаған кезде үміткердің оқу үлгерімінен бөлек, «Мен болашақтағы банкті қалай елестетемін» атты қазақ, орыс тілдерінде жазылған эссе тақырыбын ашқаны, ой-өрісі мен мазмұндау сауаттылығы сияқты көрсеткіштерді қаперге алған. Бұл өлшем­дерден басқа үміткерлердің көп балалы отбасынан шыққаны ескеріліп, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар секілді әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастарға артықшылықтар берілген. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.