Президент поштасынан
Мемлекет басшысының атына Алматыдан “Жас Отан” жастар қанаты атқарушы хатшылығының кеңесшісі, “Заңғар” шығармашылық бірлестігінің төрағасы А.Қырықбай, журналист М.Жақау, Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері М.Жұмабай, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Ф.Маратұлы, “Алаңдар айқасы” балалар бағдарламасының жүргізушісі Л.Лұқпан, экономист Ж.Қалелов, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенті Г.Байпақова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Е.Жақыпбай, Г.Көбеева және Қ.Керімқұловтан хат келді.
Елбасын жақында аталып өткен Елорда күнімен құттықтай отырып: “Астана осы күнге дейін өсіп-өркендеп, республикамыздың бас қаласы болып, әлемге танылып үлгерді. Алдағы уақытта да қарқынды жетістік пен үздіксіз даму еліміздің серігі болсын”, деп жазған авторлар хат соңында ел Президентіне баянды бақыт, зор денсаулық және еңбекте жетістіктер тілеген.