• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Конституция күні қарсаңында

358 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған Сенат Аппаратының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «Елбасы өз сөзінде Консти­туцияны қатаң басшылыққа алу мемлекеттің табысты дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстанның әлем мемлекеттерімен терезесі тең түсіп, елеулі жетістіктерге жетуі Ата Заңымыздың өмір­шеңдігін дәлелдеп отыр», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан мемлекеттігінің заңдық не­гізіне айналған Конституция қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып табылады, деді Төраға.
Соңғы жаңалықтар