Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ, Люксембургтің Премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды.
Ал 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.
Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.