• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Екі ел әріптестігінің болашағы зор

246 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Ресей Федера­циясының Қаржылық мониторинг жөніндегі федералды қызметінің басшысы Ю. Чиханчинді қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қ.Жақыпов Ресей Қазақ­стан­ның стратегиялық әріптесі екенін сөз ете келіп, екі ел басшы­лары келісімдерінің арқасында ынты­мақтастықтың жыл сайын қарқын алып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Ю.Чиханчин екі ел әріптестігінің болашағы зор еке­нін, Қазақстан Президенті ұсынған 5 институттық ре­форманың біз­дің еліміздің да­мыған 30 елдің қа­тарына кіру жо­лындағы нақты қа­­дам-­­

дар­­дың бірі екенін атап өтті.

Қ.Жақыпов пен Ю.Чиханчин қос мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, осы саладағы нормативтік-құ­қықтық базаны одан әрі жетіл­ді­рудің маңыздылығына тоқтал­ды.

Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстанда 2009 жылдан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қыржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң қолданысқа енгізілген.

Қазіргі уақытта Мәжілісте осы заңға түзетулер енгізуді көздейтін, сондай-ақ, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты заң жобаларымен жұмыс жалғасуда. Сондықтан, тараптар өзара тәжірибе алмасып, осы бағытта сапалы заң жобаларын дайындауға ерекше назар аударатын болады.

Кездесуге, сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова қатысты.