• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Кәкпеновтар отбасы байқауда жеңімпаз атанды

329 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 25 тамыз. 2015 жылғы облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында көкшетаулық Кәкпеновтар отбасы 1 орын – Гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Отағасы Жазит Кәкпенов ұзақ жылдар оқу-ағарту саласында қызмет атқарып, облыстың 3 мектебінде директор болды. Жұбайы Қарашаш Кәкпенова 30 жыл кітапхана саласында жұмыс істеді. Биыл қариялар отбасылық өмірдің 60 жылдығын атап өтті. Кәкпеновтар 7 бала, 18 немере, 3 шөбере сүйген. Балаларының бәрі жоғары білімді. Немерелері «Болашақ» бағдарламасымен Германия, Англия және Австрияда білім алуда. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz