• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Арнаулы баяндамаға жоғары баға

291 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты арнаулы баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Таныстырылым бары­сында Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова Комис­сия баяндамасының бірегей­лігін атап өтті және құқық қорғау органдарының үкімет­тік емес ұйымдармен адам сау­дасына қарсы күрес сала­сындағы өзара іс-қимылын же­тілдіруге, сондай-ақ, трафик құрбандарына арнайы әлеу­меттік қызмет көрсетуге бағыт­талған ұсынымдарға назар аударды. Баяндаманың таныстырылымына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, Қа­зақстанда тіркелген халық­аралық ұйымдар мен дипло­матиялық өкілдіктердің басшылары, адвокатура, нотариат, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Комиссия мүшелері мен сарапшылары Т.Әбішев, В.Воронов, Н.Шаханова, Р.Юрченко және З.Байсақова баяндаманы таныстырып, қатысушылар мен қонақтардың қойған сұрақтарына жауап берді. Таныстырылым барысында баяндамада Қазақстан бекіткен халықаралық келісімшарттардың нормаларына сәйкес адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің салыстырмалы талдауы, құзырлы мемлекеттік органдар қызметіне берілген бағалау, Конституция нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін әрі қарай жетілдіру мәселесі бойынша нақты қадамдар қамтылғаны атап өтілді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Сұлтанов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүй­сенова, Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азияда­ғы миссиясының басшысы Д.Ке­серович, Еуропалық одақтың Қа­зақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары К.Величков, Ұлы­бри­танияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі К.Браун, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Кролл, Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Тө­тенше және өкілетті елшісі О.-Й.Берной сөз сөйледі. Сарапшылар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнаулы баяндамасына жоғары баға берді және ондағы ұсынымдардың Үкімет пен Парламент тарапынан нақты іске асырыла бастағанын айтты.