• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Алматы полициясы елді дүрліктерген педофилді тұтқындады

1657 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 20 мамыр. Тәртіп сақшылары қаланы дүрліктірген педофильді тұтқындады. Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек ұсталған азаматтың 1963 жылы туған осы қаланың тұрғыны екенін мәлімдеді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Бұдан бірнеше күн бұрын орта жастан асқан бір ер азаматтың бүлдіршін қызбен көп қабатты үйдің ауызғы есігінен бірге кіріп, одан соң қалтарыста өзінің шалбарының сырмағын ағытқаны туралы әлеуметтік желіде салынған видеролик барша қауымның жағасын ұстатқан. Оғаш көрініс үйге кіре-беріс есіктегі орнатылған видеобақылау таспасына толықтай жазылып қалған. Көп кешікпей оқиғаның Радостовец көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болғаны анықталды. Алматы қаласы Бостандық ауданының криминалды полициясы жедел іске кірісті. Полицияның жаппай іздестіру шараларынан хабардар болған аудан тұрғындарының бірі бөлімшеге келіп, он жасар қызына әлдекімнің видероликтегідей зорлық жасағанын баяндады. Тез арада жиналған мәліметтер педофил-қылмыскердің 40-45 жастар шамасындағы орта бойлы, еуропалық нәсілдегі азамат екендігін айғақтап та берді. Арада көп уақыт өтпей, жедел де мұқият іс атқарған Алматы полициясы педофилдің қолына кісен салып, тергеу изоляторына әкеліп қамады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.