• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2015

Теміртауда жүк көлігін айдап әкеткен студент ұсталды

278 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 тамыз. Қарағанды облысында полиция қызметкерлері «ГАЗель» жүк көлігін айдап әкеткен колледж студентін қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жүк көлігін заңсыз айдап әкеткен студент Қарағандыдағы колледждердің бірінде оқиды екен. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні Теміртау қаласында көлікті жүргізіп бара жатқан кезінде құрықтады. Студенттің мұндай қадамға не үшін, нендей мақсатпен барғаны әзірге түсініксіз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу алды амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: autokolesa.kz.