• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2015

Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі

387 рет
көрсетілді

Мәжілісте палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Серікбай Нұрғисаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінеді: «Жол – біздің тәуелсіз мем­лекетіміз үшін стратегиялық мәселе. Біз еліміздегі жолдарды жаңа тәсілдермен, жаңаша жаңғыртып жатқан жұртпыз. Елбасы Жолдауында «Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған», деп еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салаларын дамытуды нақты атап өткен болатын. Еліміздегі автомобиль жол­­­да­рын салу, жөндеу және күтіп-ұс­тауды неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік беретін тетік ретінде 2013 жылы «Қаз­АвтоЖол» АҚ жол­дарды бас­қару ісі бойынша толыққанды қыз­метін Ұлттық оператор негізінде жүзеге асыра бастады. Облыстардағы Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары таратылып, оның штаттары мен мамандары Ұлттық опе­раторға бекітіп берілді. Сөй­тіп, Ұлттық оператордың функ­ция­лары нақтыланып, білікті ма­мандарды тарту мақса­тын­да олардың жалақысы артты. «ҚазАвтоЖол» АҚ тиесілі респуб­ликалық маңызы бар автомо­биль жолдары нарықтың тала­бына жауап бере алатын, инвес­тиция тарта алатын, жаңа тех­но­логияларды игере алатын шаруа­шылық көзіне айнала ­бастады. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан дайындалып жатқан Елбасы Жолдауы аясында «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруда 17 инфрақұрылымдық жобаны қамтитын Қазақстанның аумақтық дамуының хабтық жүйесі енгізілмекші. Оның 12-сі – автожол саласы. Жалпы «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» Жаңа Эко­номикалық Саясатының және «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» магистралінің аясын­да жұмсалған қаражат көз­дері ұлттық операторға өз сеп­тігін ти­гізіп отыр. Ал жергілік­ті ма­ңызға ие жолдарға мұн­дай қаражат тәсілдері, әрине, қарас­тырылмаған. Елі­міздегі жер­­­гілікті маңызға ие жолдардың 37 пайызы қанағат­­­­­танар­лық­сыз деңгейде. Өңірлер­дің жол саласы бірыңғай жүйеде болма­ғандықтан, бұл жайт тұтастай алғанда, елді ме­кендердің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуына тежеу жасап отыр. Облыстардағы елді мекендер жолдарының тас жабындысы болмауы салдарынан жүк тасымалдау шығындары 2 есеге дейін артқан. Сол себепті, бүгінде екінші техникалық санаттағы облыстық және аудандық ма­ңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жобаларын іске асыру заман талабы болып отыр. Республиканың барлық аумақтары бойынша жергілікті маңызға ие 86 мың шақырым жолды қаржыландыру қажет болса, қазіргі кезде бөлінетін қаржы оның тек 2,5 мың шақырымын ғана қамтиды. Мұндай қарқын­мен біз өмірде жол салып біт­­пейміз. Өйткені, кейбір өңір­лер­де жергілікті бюджет есебі­нен жолдардың жағдайын жақ­сар­туға 10 млрд. теңгеге дейін қа­ражат бағытталса, кейбір өңір­лерде мүлдем бөлінбейді. «Нұрлы Жол» бағдарламасы болғанымен, автомобиль жолдары туралы мемлекеттік статис­тикалық мониторинг жоқ. Жақында ғана өткен өңір­лердегі облыс басшыларының ел алдындағы есебі кезінде халықтың басым көпшілігінің жанайқайы осы жол туралы екеніне көз жеткіздім. Сондықтан жергілікті бюджет кепіл бола ала­тындай жалпыға ортақ пайда­ланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, оның ішінде жергілікті маңызға ие жол­дарға жаңа тәсіл енгізу, инфра­құрылымын дамытуға арнал­­ған жаңа тұжырымдамасын әзір­­леу қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, автомобиль жолдары жөніндегі статистикалық, әкімшілік деректердің сапасына бақылауды күшейту қажет».