• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы № 337-IV

487 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне "электрондық үкiметтi" дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат): 1) 328-бапта: екiншi бөлiктегi «не компьютерлiк» деген сөздер «компьютерлiк не электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын: «9. Сот тараптардың немесе осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде аталған адамдардың өтiнiшi бойынша сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға мiндеттi.»; 2) 329-баптың бiрiншi сөйлемi «хаттамаға» деген сөзден кейiн «жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар): 1) 83-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа қалпында берiледi. Егер құжаттың көшiрмесi берiлсе, сот, қажет болған жағдайда, түпнұсқаның берiлуiн талап етуге құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында тек электрондық құжатты ғана пайдалануға жол берiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар түпнұсқадағы жазбаша құжаттармен бiрдей болады.»; 2) 150-баптың бiрiншi және бесiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: «1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берiледi.»; «5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкiлеттiгi болған кезде оның өкiлi қол қояды. Арыз электрондық құжат нысанында берiлген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкiлеттiгi болған кезде талап арыз өкiлдiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.»; 3) 151-бапта: бiрiншi абзацтағы «Талап» деген сөз «1. Талап» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «2. Электрондық құжат нысанында берiлетiн талап арызға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың электрондық нысандағы көшiрмелерi қоса берiледi. Бұл ретте, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлемдi жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттiк баждың төленгендiгiн растайтын құжат болып табылады.»; 4) 257-бапта: үшiншi бөлiктiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: «3. Хаттама қолмен, мәшинкемен, компьютермен немесе электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) тәсiлмен жазылып, дайындалуы мүмкiн.»; мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын: «7. Сот iске қатысушы адамдардың немесе олардың өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға мiндеттi.»; 5) 258-бапта: «тұлғалар хаттама» деген сөздер «адамдар немесе олардың өкiлдерi сот отырысының хаттамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «жазбаша түрде» деген сөздерден кейiн «немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат): 6-баптың 2-тармағы «Ұлттық почта операторының,» деген сөздерден кейiн «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi операторының,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын: «4-1-бап. Бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе Бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметтi автоматтандыруға және әдiлет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара iс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.»; 2) 22-бап «жеке мөрi,» деген сөздерден кейiн «электрондық цифрлық қолтаңбасы, » деген сөздермен толықтырылсын; 3) 27 және 29-баптардың 3-тармақтары «аумақтық әдiлет органына», «Әдiлет министрлiгiне» деген сөздерден кейiн «қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 32-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмдерiнiң (оның iшiнде бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенiң электрондық тiзiлiмiнiң), нотариаттық куәлiктер мен қаулылардың, мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгiлейдi;»; 5) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын: «49-бап. Нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу Нотариус және лауазымды адамдар жасайтын, осы Заңның 34 - 36-баптарында көрсетiлген барлық нотариаттық iс-әрекеттер тiзiлiмдерде (оның iшiнде бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенiң электрондық тiзiлiмiне) тiркеледi.»; 6) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын: «50-бап. Нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмдерiнiң (оның iшiнде бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенiң электрондық тiзiлiмiнiң), нотариаттық куәлiктердiң, куәландыратын жазбалардың нысаны Нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмдерiнiң (оның iшiнде бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенiң электрондық тiзiлiмiнiң), нотариаттық куәлiктер мен қаулылардың, мәмiлелердегi және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.»; 7) 57-бап «тiркеу тiзiлiмiне» деген сөздерден кейiн «(оның iшiнде бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенiң электрондық тiзiлiмiне)» деген сөздермен толықтырылсын. 5. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;». 6. «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат): 1) 1-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы «оларды ресiмдеу» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде электрондық нысанда ресiмдеу» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-7-тармақпен толықтырылсын: «2-7. Электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер.»; 2) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етедi.»; 3) 15-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.». 7. «Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат): 24-баптың 3) тармақшасындағы «қажеттi ақпарат пен» деген сөздер «қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi қажеттi ақпаратты және» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң дұрыстығын растайтын заңды тұлға; 2) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретiн уәкiлеттi органның ресми тануы; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiне қатысушыларға қызмет көрсететiн куәландырушы орталық 4) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кiлттерiнiң тиесiлiгiн және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық 5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – «электрондық үкiметтiң», мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердiң қатысушыларына қызмет көрсететiн куәландырушы орталық 6) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiн заңды түрде иеленетiн және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) тiркеу куәлiгi – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн беретiн қағаз жеткiзгiштегi құжат немесе электрондық құжат; 8) тiркеу куәлiгiнiң иесi – өз атына тiркеу куәлiгi берiлген, тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ашық кiлтке сәйкес келетiн жабық кiлттi заңды түрде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға; 9) уәкiлеттi орган – ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 10) электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 11) электрондық құжат айналымы жүйесi – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелетiн электрондық құжаттар алмасу жүйесi; 12) электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, iздестiру және тарату процестерiне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам; 13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi; 14) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 15) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтi – кез келген тұлғаның қолы жететiн және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектiлiгi; 16) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтi – тiркеу куәлiгiнiң иесiне белгiлi және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектiлiгi.»; 2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында бағдарламаны әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады; 2) электрондық құжат айналымының тәртiбi мен шарттарын айқындайды; 3) уәкiлеттi органның өкiлеттiктерiн айқындайды; 4) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуден өткiзу ережелерiн бекiтедi; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»; 3) 5-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi»; мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: «8) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметiнiң қағидаларын бекiтедi; 9) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын куәландырушы орталықты және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын айқындайды; 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»; 4) 10-баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: «Тұлға әртүрлi ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiне ие бола алады.»; 5) 12-баптың 2-тармағындағы «және корпорациялық» деген сөздер алып тасталсын; 6) 17-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi органнан» деген сөздер «куәландырушы орталықтан» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат): 3-баптың 2-тармағында: 6) тармақшада «мемлекеттiк тiзiлiмiн» деген сөздерден кейiн «, лицензиардың электрондық тiзiлiмiн» деген сөздермен толықтырылып, «берiлген лицензиялар мен» деген сөз «берiлетiн» деген сөзбен ауыстырылсын; 23) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын. 10. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 10-баптың 11) тармақшасындағы және 11-баптың 12) тармақшасындағы «заң актiлерiне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 12-бапта: 9) тармақшадағы «бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар» деген сөздер «лицензиардың электрондық тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлетiн рұқсаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) тармақшадағы «заң актiлерiне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 13-баптың 9) тармақшасындағы «заң актiлерiне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын. 11. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат): 1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;»; 9) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе; 9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей код;»; «14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.»; 2) 4-баптың 9-тармағының екiншi бөлiгi «сақтандыру қоғамдары,» деген сөздерден кейiн «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 6-баптың 8) тармақшасындағы «бекiту жатады.» деген сөздер «бекiту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: «9) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлеу; 10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.»; 4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру; 2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн дамытуды, оған қол жеткiзу құқықтарын белгiлеудi, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.»; 5) 8-бапта: 5) тармақшада: бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «5) лицензиардың электрондық тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады. Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:»; бесiншi абзац «әкесiнiң аты» деген сөздерден кейiн «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;»; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жеке сәйкестендiру нөмiрi;»; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;»; 7) тармақшадағы «қызмет көрсетудi жүзеге асырады.» деген сөздер «қызмет көрсетудi;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.»; 6) 42-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Өтiнiш берушi өтiнiшке қоса берiлетiн электрондық түрдегi құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiшiн жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтiнiш жасай алады. Мемлекеттiк органдар осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексерудi дербес жүргiзедi. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттiк органдар құжаттардың қағаз жеткiзгiште берiлуiн талап етуге құқылы.». 12. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс; 2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 3) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң және депозитарийдiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi ұйымдастыруды, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрi – ұлттық оператор) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруға қатысу жөнiндегi мiндеттер, «электрондық үкiметтiң» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға; 5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi құру жөнiндегi қызмет; 6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе; 7) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрi – депозитке беру) – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру; 8) ақпараттық жүйелердiң аудитi – ақпараттық жүйенiң ағымдағы жай-күйiнiң, онда болып жатқан iс-әрекеттердiң және оқиғалардың белгiлi бiр критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтiк-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкестiк деңгейiн белгiлейтiн, оларды бағалаудың жүйелi процесi; 9) ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың депозитарийi (бұдан әрi – депозитарий) – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға iлеспе нормативтiк-техникалық құжаттамасымен бiрге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны; 10) ақпараттық-коммуникациялық желi – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара iс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы; 11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету; 12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, тарату және тұтыну процестерi; 13) ақпараттық технологиялар – әдiстердiң, өндiрiстiк процестердiң және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеудi, iздестiрудi, шығаруды, көшiрмесiн түсiрудi, беру мен таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешенге бiрiктiрiлген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы; 14) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестердi қамтамасыз ететiн бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 15) ашық кiлттер инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тiркеу куәлiктерiн басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi; 16) бағдарламалық өнiм – ақпаратты өңдеу жүйесiнiң компьютерлiк бағдарламаларының, рәсiмдерiнiң, әдiстерiнiң, қағидалары мен iлеспе құжаттамасының жиынтығы; 17) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) – жеке тұлға өмiрiндегi фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәлiметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн деректер; 18) домендiк атау – Интернет желiсiндегi адрестеу ережелерiне сәйкес қалыптастырылған, желi объектiсiне атаулы жолданымға арналған және белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес келетiн нышандық (әрiптiк-цифрлық) белгi; 19) интерактивтiк қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететiн, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келiсiмi бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету; 20) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желiде жұмыс iстейтiн электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргiзу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн ұйымдық құрылым; 21) интернет-ресурстың меншiк иесi – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын толық көлемде iске асыратын субъект; 22) компьютерлiк оқиға – ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауiп төндiретiн және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар; 23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы – «электрондық үкiметтi» қалыптастыруды және мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган; 24) құжатталған ақпарат – материалдық жеткiзгiште тiркелген, өзiн сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн деректемелерi бар ақпарат; 25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар – мемлекеттiк құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледi немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншiк иесi не иемденушiсi шектейдi; 26) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесi – мекенжайлар және олардың құрамдас бөлiктерi туралы мәлiметтердi жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын бiрiздендiруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 27) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден және мемлекеттiк органдардың өздерiнiң аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимылын жүзеге асыратын ақпараттық-коммуникациялық желiлерден тұратын, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi; 28) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы – мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiне осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган айқындайтын байланыс қызметiн көрсететiн заңды тұлға; 29) пайдаланушы – өзiне қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект; 30) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету; 31) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегi ақпарат; 32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi иемденушi – аталған объектiлердi олардың меншiк иесi айқындаған шекте және тәртiппен иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқықтарын iске асыратын субъект; 33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қорғау – ақпаратты алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттердi қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi сақтауға, оларға заңсыз қол жеткiзудi болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi; 34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иемдену, пайдалану және оларға билiк ету құқықтарын толық көлемде iске асыратын субъект; 35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмi – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тiзбе; 36) «электрондық әкiмдiк» – жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негiзiнде өңiрлiк мемлекеттiк басқару жүйесi; 37) электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтiк және транзакциялық қызмет көрсетудi ұсыну; 38) электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, лауазымды адамдарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт; 39) электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсету; 40) электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерi – мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар; 41) «электрондық үкiмет» – мемлекеттiк функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негiзiнде мемлекеттiк басқару жүйесi; 42) «электрондық үкiмет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы – «электрондық үкiметтiң» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды жүзеге асыратын ұйым; 43) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе; 44) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерiн жүзеге асыру кезiнде екiншi деңгейдегi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерi арасындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе; 45) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi операторының дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) иемденушiлерi Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады; 46) «электрондық үкiметтiң» шлюзi – электрондық қызметтер көрсетудi iске асыру шеңберiнде «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.»; 2) 5-бапта: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторын айқындау;»; 16) тармақшадағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын: «17) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын айқындау конкурсын өткiзу ережелерiн бекiту; 18) мемлекеттiк органдардың өз құзыретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерiн белгiлеу; 19) электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң үлгiлiк регламентiн бекiту; 20) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.»; 3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; 2) Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысу; 4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, оның сапасын, қолжетiмдiлiгiн және жұмыс iстеуiнiң орнықтылығын арттыру; 5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу; 6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау; 7) «электрондық үкiметтi» қалыптастыру және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiндегi үйлесiмдiлiгiн және өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; 8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау; 9) ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу және бекiту; 10) инвестициялар тарту жүйесiн және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ынталандыру тетiктерiн жетiлдiру; 11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкiметтi» қалыптастыру кезiнде қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; 12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкiметтi» қалыптастыру кезiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркеу; 14) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарау; 15) бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегi нормативт