• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

Ғажайып «тас орманы» паркі

341 рет
көрсетілді

Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Үшқұдық ауданының жеріндегі Жарқұдық шатқалында көне заманнан келе жатқан тас орманы бар. Ел билігі енді оны Чили мен Болгария жеріндегідей ғажайып паркке айналдыруға әрекет жасап жатыр. Аталған аумақтағы ежелгі дүниеден бері келе жатқан тас тұлғалы діңгектер тік тұрған тұрбаларды еске түсіреді. Олар уақыттың әсері мен табиғи катаклизмдер арқылы минералданып қатып қалған ағаштардан құралады. Ал ескерткіштердің құрылымдары әр алуан және күрделі болып келеді. Мамандардың пікірінше, бұлардың қазіргі заманмен уақыт айырымы 9 миллион жылға жуықтайды. Бүгінде Науаи облысы аумағынан осындай үш ірі бағандар табылған. Олардың ішіндегі Мыңбұлақ колоналары ең ірісі болып табылады. Бұдан басқа тағы Тамды ауданындағы Қарақатын және Молалы баған­дары да бар. «Мемлекеттік табиғатты қорғау бағдарламасына сәйкес, Жарқұдықтағы тас ормандары территориясынан қорғалатын аймақ жасап, оған аудандық тарихи-өлкетану музейінің филиалы мәртебесін беру мәселесі қарастырылды. Өткен жылдың соңында Өзбекстан Республикасы олий мәжілісі жанындағы үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету қоғамдық қорынан тас орманына қорғаулы табиғи территория мәртебесін беру және оған жергілікті жастардың назарын аудару жөнінде әлеуметтік тапсырыс алынды», – деп атап өтті облыстық табиғат қорғау басқармасының маманы Зубайда Душанова. Мұрат АЙТҚОЖА.