• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Қостанай облысында қырылған киіктің саны 27 мыңнан асты

219 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 21 мамыр. Облыстағы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Амангелді ауданындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи  резерватында қырылған киіктің саны 27 681-ге жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қырылған киіктің саны күн сайын мыңдап өсіп барады. Мамырдың 20-күні оқиға орнында жүрген мамандар өлген киіктің саны 20 мыңға жуықтағанын айтса, 21 мамыр күні оның саны 27 мыңнан асып отыр.  Өлекселерді жою үшін Аманкелді ауданының киік қырылып жатқан төңірегіне техникалар, жұмысшылар да көптеп жұмылдырылуда. Қазір онда 534 адам, 93 техника жою жұмыстарын жүргізуде. Тек 20 мамыр күні ғана 8 360 киіктің өлексесі көмілді. Еске сала кетсек, Амангелді ауданының оңтүстігіндегі «Алтын дала» резеватында киіктердің өле бастығыны туралы 11 мамыр күні дабыл түскен болатын. Алғашқыда олардың көтеремдігінен, пастереллез деген болжамдар айтылды. Бүгінге дейін топырақтан, судан, биологиялық материалдардан сынама алған республикалық лабораториядан табиғи апаттың себебі туралы қорытынды шешім келген жоқ. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz