• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Исламдық қаржыландыру қызметіне арналған саммит жұмысын аяқтады

275 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 21 мамыр. Исламдық қаржыландыру қызметі жөніндегі Кеңестің (IFSB) ХІІ халықаралық саммиті екі күнге созылған өз жұмысын аяқтады. Халықаралық қаражат жиынына Бахрейн, Египт, Малайзия, БАӘ, Судан, Түркия, Катар мен Сауд Арабиясы, сондай-ақ басқа да бірқатар мұсылман мемлекеттерінің банк өкілдері қатысты. Бұл туралы forbes.kz хабарлады. Негізгі әңгіме – қаржылық бұл саланың Қазақстандағы бүгінгі тынысы мен болашақ даму көкжиегі төңірегінде болды. Саммиттің бас қонағы – IFSB Бас хатшысы Ясим Ахмед исламдық қаржыландырудың жоғары этикалық стандарттары мен қаржы рыногінде ұшырысатын қандай да бір экстремальді құбылыстан алшақ болу қағидаттары туралы сөз қозғады. Батыстан несие тарату қысқарған қазіргі кезеңде бұл талаптар бұрынғыдан да күшейтілетіні ескертілді. Дүниежүзінде банкингті Шариат негізіне орайластырып құрған зайырлы мемлекеттер де бар екен. Мәселен, Ұлыбритания, Люксембург пен Сингапур скук аталатын исламдық облигацияларды көптеп шығара бастады. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов: «Біздің елде исламдық қаржыландырудың негізі Елбасының тапсырысымен 2009 жылы қаланды. 2013 жылы Қазақстан алғашқы скук облигацияларын шығарды. Үстіміздегі жылдың сәуірінде Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Исламдық қаржыландыру туралы» Заңға қол қойды» деді. Саммит барысында Қазақстанның бұл саладағы бүгінгі үлесі 1 пайызға да жетпейтіні, қазір – дайындық кезеңі екені де ашып айтылды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: forbes.kz.