Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңес барысында елдің ғарыш саласын дамыту мәселелері, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды.
Қазақстан азаматының халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы келісілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.