• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2015

Ақын жүлдесі сарапқа салынды

332 рет
көрсетілді

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Олжас Сүлейменов жүлдесі» үшін ардагерлер арасында волейболдан IX халықаралық турнир өтті.

Турнирге ардагерлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, облыс әкім­дері, судьялар қатысты. Ол­жас Сүлей­меновтің өзі де Қазақ ұлттық аграр­лық университеті ко­ман­дасының сапында болды. Атал­­ған шараға Қазақ­станнан бар­лы­ғы 9 команда қатысты. – Ардагерлер арасында волейболдан жарыс ұйымдас­тырғанымызға биыл – 10 жыл. Бұл ісіміз кейінгі ұр­пақ­қа, жастарға үлгі болады ғой деп ой­лай­мын, – дейді ақын журналистерге спорт алаңы үстінде берген шағын сұх­ба­тында. Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситетінде «Олжас Сүлейменов атын­­дағы әлеуметтік-гуманитарлық бі­лім беру және тәрбие институты» тоғыз жылдан бері жұмыс істейді. Сон­дықтан да қайраткер тұлға осын­да оқитын студенттермен жиі кездесіп тұрады. Жастармен жүздесу барысында Олжас Омар­ұлы бейбіт­шілік, еліміздің эколо­гиялық мәсе­лелерін және жоғары оқу орын­дарының халықаралық білім кеңіс­ті­гіне кіруі туралы өз пайымдаула­рын айтып, кең отырып пікір алмасады. Үш күнге созылған республикалық қызықты жарыста ақынның командасы ауыспалы кубокты тағы да өз иеліктерінде қалдырды.

Қазбек СҰЛТАНБЕК, студент.