• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2015

Өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды

284 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Елбасы 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде ұйымдастырылған форумға қатысатыны үшін Литва Премьер-министріне алғыс айтты. – Форумға 90 елден келген үш мың делегат қатысады. Біз Қазақстанның инфра­құры­лымдық және индустриялық даму тұрғысынан қабылдап жатқан шаралары мен жүзеге асырып жатқан өзге де бағдарламалары туралы айтпақ ниеттеміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы саяси үнқатысу мен экономикалық ын­ты-­ мақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. – Литвамен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық. Сіздің сапарыңыз ынты­мақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет етеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы. А.Буткявичюс екіжақты қарым-қаты­нас­тар­ды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. – Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады, – деп атап өтті А.Буткявичюс. Литва Премьер-министрі, сондай-ақ, Нұр­сұлтан Назарбаевты ел Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарына жететініне сенім білдірді.