• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2010

Украина елшісімен кездесті

427 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков Украинаның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Владимир Ельченкомен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты әріптестікке негіз болатын мәселелер жө­нін­де пікір алмасылды. Украина елшісі өзінің сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне жоғары баға бере келіп, еліміздің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі іс-қимыл мен рөліне тоқталып өтті. Елші Зауытбек Тұрысбеков сол күні, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының Митрополиті, архиепископ Александрмен де кездесу өткізді. Архиепископ өз сөзінде Қазақстан басшылығының толеранттылықты нығайту, елдегі этникааралық және дінаралық келісімді сақтау бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалады. Оның пікірінше, Қазақстан діни-рухани құндылықтарды ең жоғары қоятын, сол арқылы өз елін өрге сүйрейтін ел ретінде көпшілікке үлгі бола алады. “Егемен-ақпарат”.