• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2010

Бағыты айқындалған бағдарлама

396 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясының облыс­тық филиалы Елбасы Н.Назар­баев­тың халыққа биылғы Жол­дауы мен партияның Халықтық тұғыр­на­ма­сын, Мемлекет бас­шысының “ Нұр Отанның” ХІІ съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мә­се­лелері бойынша “ашық есік” күнін өткізді. Оның жұмысына Парламент Мәжілі­сінің депутаты Николай Турецкий арнайы келсе, прокуратура мен қаржы полиция­сының, облыстық ішкі істер де­пар­таментінің қыз­меткерлері, Азық-түлік келісім-шарт кор­по­ра­циясының өкілдері, “Даму” кә­сіпкерлікті дамыту қо­ры­ның басшылары, орта және ша­ғын  кәсіпкерлікпен айналыса­тын­дар қатысты. Жиында облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы бас­ты­ғының орынбасары Мұрат Ан­да­баев екі сатымен жүзеге асы­ры­латын “Бизнестің жол картасы- 2020” бағдарламасының бағыт- мақсаттары туралы айтып, мем­лекетіміз осы бағдарлама арқылы отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсететініне жан-жақты тоқ­тал­ды. Кәсіпкерлер болса, банктер­дің өздеріне қоятын шарттары тым қатал деген мәселені алға тартты. Кәсіпкерлік секторды тоқы­рау­­дан аман алып қалу, келе­ше­гінен үміт күттіретін бизнес өкіл­деріне, кә­сіпорындарға мемлекет­тің ба­рынша қолдау көрсетуін қамтама­сыз ету қажеттігі ортаға салынды. Өңірде  аталған бағ­дарламаны жү­зеге асыру үшін 973 млн. теңге бөлінсе, оны облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы үйлестіріп отырады. Сондай-ақ, жиында “Даму” қорының дирек­торы Р.Талтусов айтылған мәсе­ле­лерге байланысты ой-пайымымен бөлісті. “Ашық есік” күнінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамы­ту­дың­ өзге де мәселелері ашық айтылды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.