• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Павлодар облысында жылқы іздеп шыққан кісі жоғалып кетті

230 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округіне қарасты Тоқта ауылының 46 жастағы тұрғыны ақтүтек боранда жылқы іздеуге кетіп, жоғалып кетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Кеше түнгі сағат 23.10-да Ертіс ауданының төтенше жағдайлар бөліміне Тоқта ауылының 1968 жылғы тұрғыны Қалит Закиповтың жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Азамат жылқысын іздеуге кетіп қалған. Қ. Закипов таңғы сағат 03.57-де телефон арқылы хабарласып, адасып кеткенін мәлімдеген», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Жоғалып кеткен азаматты іздестіруге «Өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметі» ММ-і жеке құрамының 5 жұмыскері мен бір техникасы, сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімі жеке құрамының 6 маманы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Бұл іске аудандық әкімдіктің 11 маманы, 4 техникасы қолғабыс етуде. Ауылдастардың айтуынша, Қ. Закипов бірнеше рет хабарласып, қай жерде жүргенін білмейтінін айтқан. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: pavlodarnews.kz.