• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Борис Немцовты өлтіруге тапсырыс берушінің аты аталды

289 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Ресейлік белгілі саясаткер Борис Немцовтың өлтірілуі бойынша тергеушілер өткен аптада елдің президенті Владимир Путинге бұл атышулы қылмысты ұйымдастырушының фамилиясы мен тапсырысты орындаушылардың кейбірінің аты-жөнін атады. Бұл туралы «Новая газета» басылымына сілтеме жасаған «Дождь» телеарнасы хабарлады. Ақпарат құралының хабарлауынша, Немцовты өлтіруді ұйымдастыруы мүмкін адамның аты - Руслан. «Әскери шені - майор. Оның фамилиясы президентке белгілі, дүйсенбі күні Грозныйда дәл осы адамнан жауап алынды, ақпараттың баспасөзге шығып кетуіне жол берілмей, бірақ Русланның жақын туысы шешеннің күш құрылымдарының жоғары лауазымды өкілі делінді», - деп жазады «Новая газета». Басылымның мәліметінше, Руслан «Солтүстік» батальонында қызмет еткен және «бірнеше мәрте марапатталған». Соңғы кездері Руслан Мәскеуге барған, бұл жақта оның екі ағайыны жұмыс істейді. «Майор Русланның" фамилиясы ішкі істер министрлігі, федералдық қауіпсіздік қызметі, тергеу комитетінің ондаған, тіпті, жүздеген қызметкеріне таныс екен. Ол мақала авторларына да белгілі көрінеді, бірақ олар «кінәсіздік презумпциясын ескере отырып», оның атын атамауды жөн көрген. «Эхо Москвы» радиосы болса, мақұлданбаған ақпарат бойынша Путинге баяндалған мәліметте Руслан Геремеев туралы айтылатынын хабарлады. Ол кезінде Немцовтың өлімі туралы іс бойынша негізгі күдікті Заур Дадаевпен бірге марапатқа ие болған. «Русланның ағайы - Сүлейман Геремеев, Шешенстанның сенаторы, оның есімі баспасөзде Руслан Ямадаевтың, Мовлади Байсаровтың, Анна Политковскаяның өлімдеріне және қылмыс әлемінің серкесі Руслан Атлангериевтің ұрлануына қатысты материалдарда аталады. Русланның екінші ағайы - Ваха Геремеев, Шешенстанның Шелковский ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің бастығы. Оның немере ағасы - Мемлекеттік Дума депутаты Адам Делимханов», - деп хабарлады радиостанция. Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Новая газета» басылымының ақпаратына қатысты түсінік беріп, бұл мәліметті қисынсыз дүние деп атады. Еске сала кеетйік, 8 наурызда Мәскеуде саясаткер Борис Немцовтың өлімі туралы іс бойынша бес айыпталушының тұтқындалғаны хабарланған еді. Олар – «Солтүстік» батальоны командирінің экс-орынбасары Заур Дадаев, Шагит және Азор Губашевтар, Рамзат Бахаев пен Тамерлан Эскерханов. Негізгі күдікті Дадаев әуелі саясаткердің өліміне қатысы барын мойындады да. кейін өз сөзінен бас тартты. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Дадаевты қорғап, оны «Ресейдің нағыз патриоты» деп атады. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: «Дождь».