• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2015

Өзара ықпалдастықты арттыру жайы қозғалды

210 рет
көрсетілді

Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Айгүл Соловьева Еуропа қызметінің сыртқы іс-әрекеттер бойынша Орталық Азия басқармасының басшысы Тойво Клаармен және Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті. Жүздесу барысында Мәжіліс депутаттары екі­жақты ынтымақтастық байланыстардың көкжиегінің кеңейгенін атап өтті. Алда серіктестік қатынастардың қанат жая түсуіне тілектестік білдіріп, визалық тәртіп шарттарын жеңілдету жолдарын қарастыру мәселесін қозғады. Тойво Клаар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық байланыстың өткен жылғы қазандағы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге ресми сапарынан соң жаңа деңгейге көтерілгенін хабарлады. Құрамына 28 мемлекет енетін Еуроодақ өз құқықтық актілерін қайта қарап, келісімдерде көрсетілетін жаңа салаларға назар аударып жатқандықтарын мәлімдеді. Қазақстанмен визалық тәртіпті оңтайландыру жағдайын да ойластырып жатқандықтарын жеткізді. Осы кездесуге Мәжіліс депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Шавхат Өтемісов те қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.