АСТАНА. 12 наурыз. Араға 15 жыл салып, АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнатылды. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады..
Кубаның мемлекеттік телекоммуникация компаниясының мәліметінше, желі әуеліде тек телефон байланысы үшін қолданылады. Вашингтондық тарап болса, кейінірек арада жоғары жылдамдықты интернет желісінің орнайтынына сенімді.
Бұған дейін АҚШ-қа телефон қоңырауы үшінші әлем елдері арқылы жүзеге асып келген. Бұл өз кезегінде қоңырау құнын қымбаттатып жіберетін.
Бір айта кетерлігі, бұл өткен желтоқсан айында екіжақты дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру туралы жоспар бекітілгеннен кейін жасалып отырған алғашқы келісім.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: gazeta.kz.