• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

12 жасар бала Федерерге қарсы қалай ойнау керектігін көрсетті (видео)

268 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Теннистен жүлде атаулының бәрін ұтқан атақты Роджер Федерер бүгін 12 жасар балаға қарсы ойнады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Негізі Федерер болгариялық Грогор Димитровқа қарсы ойнап жатқан. Нью-Йорктегі көрме ретінде ұйымдастырылған ойында болгар теннисшісі 2:1 (6:2, 1:6, 7:5) есебімен жеңіске жетті. Тартыстың ең қызықты сәті үшінші сетте болды. Федерер кезекті рет допты ойынға қосуға дайындалып тұрғанда кортқа жас бала шығып, болгар теннисшісінің қолынан ракетканы алды.  Ұрыста тұрыс жоқ деген қағиданы ұстанған швейцариялық та ойланбастан  допты ойынға қосып жіберді. Сол-ақ екен жасөспірім бала оған жауап қайтарып, допты қайтадан Федерердің аймағына асырды. Бірнеше соққымен алмасқан Федерер торға тым жақын келіп, баланың кезекті добын қабылдай алмады. Нәтижесінде, 12 жастағы бала даңқты Федерерден ұпай олжалап, ракетканы қайтадан Димитровтың қолына ұстатты. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: worldsportss.com.