• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2010

Инновациялар мектептен бастау алады

1161 рет
көрсетілді

Тамыз мәслихаты қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында “Жаппай сапалы білім беру шарты ретінде оқу үрдісін технологияландыру” қанатқақты жоба қорытындысы өтті. Экспериментке облыстың 11 мектебі қатысты. Оған қатысқан 203 сыныптың 172-сі оң динамиканы көрсетті. Үлгерім сапасы 135 сыныптарда 3,5%-дан 66,8%-ға дейінгі ауқымда артты. Білім беру жүйесіндегі иннова­циялар – бұл мұғалімдердің клас­сикалық оқыту-тәрбиелеу-дамыту педагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері. Қазақ­станның қазіргі заманғы білімі, бәсекелестіктің инфокомму­ни­ка­циялық технологияларды қанша­лық­ты меңгергені және жаһандық интернет желісі жағдайында қа­шық­тықтан өзара әрекеттесуге қан­шалықты даяр екеніне байла­ныс­ты болатын, планетарлық ой­лай білетін адамдардың жаңа гене­рациясына бағытталуы тиіс. Бірақ, бұл даярлық бірден, бір уақытта туындай алмайды, ол мектептегі мұғалімдердің мыңдаған сабақ өт­кі­зулерінен жинақталады. Сон­дық­тан қазіргі заманғы инновациялық сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тә­жірибесінің интеграциясындағы ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологиялар саласындағы әлемдік және отандық жетістіктердің транс­фертін қамтамасыз ететін са­бақты айтуға болады. Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері оқу жылының аяғын­д­а жаппай сапалы білім беру шар­ты ретінде оқу үрдісін техноло­гия­ландыру бойынша “Парасат” Ұлт­тық ғылыми-технологиялық хол­дингі Ұлттық ақпараттандыру орта­лығының қанатқақты жобасын қо­ры­тындылай келе, өздерінің жаңа инновациялық тәсілдерді меңге­ру­ге даяр екендігін көрсетті. Экспе­риментке облыстың 11 мектебінен 203 мұғалім, 2123 оқушы қатысты. Экспериментке қамтылған 203 сы­нып­тың 172-і оң динамиканы көр­сетті. Үлгерім сапасы 135 сынып­тар­да 3,5%-дан 66,8%-ға дейінгі ау­қымда артты, олардың құрамында: 7 сыныпта үлгерім сапасы 40%-дан 50%-ға дейінгі ауқымда артты; 10 сыныпта – 30%-дан 39%-ға дейін; 20 сыныпта – 20%-дан 29%-ға дей­ін; 52 сыныпта – 10%-дан 19%-ға дейін; 45 сыныпта үлгерім 3%-дан 9 %-ға дейін жақсарды. Экспери­мент­тік мектептердегі үл­ге­рім са­пасы орташа есеппен 10%-ға артты. Жоғары динамика ауыл мектеп­терінде болды: Крупская атындағы Глубокое орта мектебі (13%-ға) мен “Молодежный” кенті орта мектебі (12,8%-ға) артқанын көрсетті. Бұл жобаның ерекше педа­гогикалық маңыздылығын қоры­тын­дылау, әкімшілік қорларының арқасында, Шығыс Қазақстан об­лы­сының әкімі Бердібек Сапар­баев­тың қолдау көр­сетуімен жүзеге асты, ол экспе­римент нәтиже­ле­рімен, мұғалім­дер­дің пікірлерімен, мұғалімдердің облыстық білім арт­тыру институ­тының әдіскерлері­мен, ата-аналар мен мектеп оқу­шыларымен, соны­мен бірге Қа­зақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ға­лым-педагог­тарының пікірлерімен тікелей та­нысты. Менің ойымша, Шығыс Қа­зақстан облысы жетіс­тік­терге адам­дарды ұйымдасты­ра­тын, бол­жам жасай білетін осын­дай жетек­шіге қол жеткізді. Оған мысал ре­тінде айтарым, әкімнің мектептерді модернизациялауға мұ­ғалімдермен бірге аса қағылез, бел­сенді атса­лысуы. “Қашық­тық­тан оқыту үр­дісі ретінде әзірленген электрон­дық оқулықтардың мек­тептер үшін үлкен маңызы бар, – дейді Бердібек Машбекұлы. Әсі­ресе олар ауыл және шағын комп­лек­тілі мек­тептер үшін маңызды. Өкінішке қарай, шағын комплек­тілі мектеп­тердің са­нының ең көбі біздің об­лысымызда: облыстағы 747 мек­тептің – 509-ы шағын комп­лектілі. Қазір осы мәселемен айналысу­дамыз, оларды біріктіру, оң­тайлы ету жұмыстарын жүргі­зу­деміз, бірақ бәрібір осы шағын комплек­тілі мек­тептер қала береді, өйткені біз елді мекендерді сақтап қалуы­мыз керек. Сондықтан бұл жерде, әрине, оқы­тудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін кейс технология бойынша ұсы­нылған электрондық оқыту орынды.” Тек серпінді жоба ғана емес, оның нәтижелерінің таныстыры­лым формасы да инновациялық сипат алады. Педагогтарға қазіргі заманғы компьютерлік техноло­гия­ларды пайдалану арқылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы дайын­даған әдеттегідей емес, цифрлық баяндама ұсынылды. Бұл талдау нысанын жүйелі, көрнекі, қысқаша таныстыратын жоғары жетістік. Бұл бір баяндамашының монологы болған жоқ, керісінше ұйымдасты­рушылар, білім беру басшылары, әдіскерлер ғана емес, ата-аналар, мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысқан ірі дәлелдер негізімен берілген қанатқақты жобаның қо­ры­тындысының ұжымдық бағасы болды. Мұндай формадағы баян­да­ма алғаш рет ұсынылып отыр, оның жаңалығы, қызығушы ауди­торияның аумағын кеңейтуге мүм­кіндік бере отырып, әрбір ұстазға жетуінде. Егер оны аудиторияда 200 адам талқыласа, дәл сол уа­қытта республика мектептерінің барлық педагогикалық ұжымына СД-де жетуі мүмкін. Сұрақтар, бағалы пікірлермен кері байланыс интернет арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Алдымызда мұғалімдердің тамыз конференциясы келе жатыр, аталған тәжірибені білім беру жүйе­сінің басшылары іліп әкетеді деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, осы конференциялардың негізгі баяндамалары барлық ұстаздар қауымына жетпейді. Баяндама­лар­дың негізгі қағидалары педаго­ги­калық ұжым мекемелерінің жетек­шілеріне көбінесе ауызша немесе тезис түрінде беріледі. Цифрлық баяндамада мектеп­тегі инновациялар ғылыми-педа­го­гикалық ізденіске мұғалімдердің өз­дерін тарту жағдайында ғана мүм­кін болатыны туралы өте ма­ңызды пікір айтылды. Сондықтан Ұлттық ақпараттандыру орталығы ғылыми-педагогикалық идеялардан бастап, оны тәжірибеде жүзеге асы­руға дейінгі электрондық оқы­туды, мұғалімдермен бірге серпінді және жаппай енгізуді жүзеге асырады. Орталықта әзірленген электрондық оқулықтың ғылыми-педагогикалық негізі бар. Бұл дәстүрлі түсінігіміздегі оқулықтар емес, мектеп оқушыларын қашық­тық­тан оқыту үрдісі. Олардың әр­қай­сысын түрлі мамандардан құ­рал­ған – дидакттар, әдіскерлер, пән­дік білім саласының ғалым­да­ры, программистер, дизайнерлер, суретшілер, кәсіби дикторлар сияқ­­ты авторлық ұжым дайындайды. Олардың бірлескен әрекеттері ХХІ ғасыр талаптарына жауап беретін жаңа буын оқулықтарын дайын­дауға, мұғалімдерге оқытудың жаңа парадигмасын меңгеруге, мектепте компьютерлік техника мен инте­р­ак­тивті тақтаны тиімді пайда­ла­ну­ға, сабақтарды жаңаша өткізуге мүмкіндік береді. Осы таныстырылымға қатыса отырып, мұғалімдермен өнімді шығармашылық қатынас аурасын жасауға ене отырып, мен еліміздің болашағы – мектепте, осы мек­теп­­тен түлеп ұшып, экономика мен қоғамды басқаратын адамдар­дың қолында екенін терең түсін­дім. Бәсекелес мемлекет – ол бә­се­келес мектеп, ол бәсекелес мұғалімдер! Инновациялар мектептен, мұ­ғалімдердің педагогикалық қызме­т­і­н­ен бастау алады. Бірақ олар, педагог-ғалым-зерттеушілердің кі­рік­тірілген әрекетінсіз кәсіби өсу­дің маңызды деңгейін жеңіп шыға алмайды. Мектептерге дәл осын­дай, Ұлттық ақпараттандыру орта­лығы мен Шығыс Қазақстан об­лы­сының білім басқармасының бас­тамасымен жасалған инновация­лық жобалар қажет. Жобаны бас­та­мас бұрын, экспериментке қаты­сушы әрбір мұғалімге күнтізбелік-тақырып жоспарланған әдістемелік нұсқаулар тапсырылды, тренингтік курстар өткізілді, олар эксперимент жүргізу барысында шебер-сынып­тар, сабақ жоспарлары арқылы тәжірибе алмасты, электрондық оқулықтар алды. Бұл – тақырыпты жанды түрде түсіндіретін, әрі ани­ма­цияланған мультимедиалық тү­сініктемесі бар, оқушылардың оқу жетістіктеріне автоматтандырылған бақылау жасалатын, тағы бір маңыздысы – есептерді шығару тә­сілдерін, грамматиклық және лек­си­калық ережелерді және басқа да маңызды дағдыларды меңгеруге болатын интерактивті тапсырмалар арқылы оқытудың ұйымдасқан ор­тасы. Айтқандай, бұл оқулықтарды 16 жылдан бері профессор Г.Нұр­ғалиеваның жетекшілігімен 50-ден астам авторлар ұжымы әзірлеп ке­леді. Инновациялар – бұл жаңа та­лаптар мен білім беру қызмет­теріне сұраныс есебімен жаңартыл­ған модернизацияланған тәжірибе. Бұл ұрпақтан ұрпаққа берілетін Ұлттық байлығымыз болып табы­лады. Сондықтан аяқталған қанат­­қақты жоба бұл – білім берудегі ин­новациялық электронды оқыту­ды белсенділікпен меңгеретін, Шы­ғыс Қазақстан облысының экс­пери­мент­тік сыныптарының озық мұға­лім­дері мен басқа облыс мұ­ғалім­де­рінің әдістемелік тә­жі­ри­белерін пайдалану бойынша, элек­трондық оқулықтарды жаңартудың жаңа жұмысының басталуы. Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекет­тік бағдарламасы жобасының негізгі 8 бағытының бірі болып көрсетілген электрондық оқытуды жүзеге асыруға кірісті. Аталған жоба электрондық оқытуды кейс тех­нологиясымен іске асырады, мек­теп оқушылары, әсіресе, ауыл мек­тептері үшін маңызды, муль­тимедиалық ақпараттарды көшіріп алу үшін интернетке қосылуды қа­жет етпейтін CD дискілерге жа­зылған электрондық оқулықтармен оқиды. Интербелсенділік пен қа­шықтықтан өзара әрекеттесу элек­трондық оқулықтардың өз бағдар­ламасында қарастырылған. Бұл элек­трондық оқытуды респуб­ли­ка­л­ық бюджетті жоспарлау бары­сын­да қарастыруды қажет ететін, өте маңызды кез. Порталдарға цифр­лық білім беру қорларын орналас­тыруда, интернеттің өткізу қабілеті әлі де болса төменгі жағдайда қалып отырған шалғайдағы ауыл үшін емес, тек қала мектептерінің оқушылары үшін жағдай жасалған. Мұғалімдер атап өткендей, жобаны жүргізу барысында мектептердің техникалық базасының жеткілік­сіз­дігі белгілі болды. Бастауыш сы­нып­тарда компьютерлер жоқ. Олар қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінің мұғалімдері сабақ өткізетін мультимедиалық лингафон каби­неттеріне барады. Бұл кабинеттер­дің жұмысы тым артық екені түсінікті. Бастауыш сыныптарға интерактивті тақталар да жетіс­пей­ді, дегенмен бүгін саудада интерак­тивті тақтаның қызметін толы­ғы­мен атқаратын, арзан интерактивті қосымша құралдардың көптеген түрлері пайда болды. Бастауыш мек­тептердің компьютерлік паркін құру қажет, өйткені дәл осы бас­тапқы мектеп жасында үйренетін материалдың көрнекілігі айрықша әсер етеді, әзірленген электрондық оқу­лықтарда осындай мол ани­ма­цияланған және интерактивті оқу материалдары бар. Жалпы айтқанда, біз Қазақ­станда “Электрондық оқулықтар” қол­данбалы оқыту бағдарла­ма­сы­ның шынайы нарығы туындаған жағдайға келдік. Шамасы, күн тәртібіне әрбір мектеп оқушысын пән бойынша электрондық оқу­лық­тармен мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз ету туралы мәселе қою­ға болады, дегенмен бүгінгі күні оқулықтармен тіпті мектеп­тер­дің жабдықталуын қамтамасыз етке­німіз жақсы. Білім және ғы­лым министрлігінің мәліметтері бой­­ынша, 90% мектептің білім бе­ру маз­мұны цифрлық форматқа кө­­шірілді, алайда олармен респуб­ли­ка мектептерінің 30%-ға жуығы ғана қамтамасыз етілген. Жақын арада 7-8 жылда, Ресей ғалымдарының болжамы бойынша мектептер электрондық оқулықтар­ға көшеді. Бұл қағаз өндірісін да­мыту қиындықтары мен ақпарат­тық-коммуникациялық техно­ло­гия­лардың дамуымен және ең ма­ңыздысы, мектеп оқушыларын ақ­параттар мен білім алудың қазіргі заманғы аспаптарына бағдарлаумен байланысты. Міне, бүкіл әлемдік педагогикалық көпшілік электрон­дық оқытуға көңіл бөліп отырғаны осыдан. 2010 жылдың басында 39 мемле­кет­тің өкілдері дайындаған элек­трон­дық оқытудың әлемдік тәжі­рибесі туралы 2 бөлімді  ха­лық­ара­лық электрондық кітап жа­рыққа шықты. Міне, осындай жайттар­дан біздің мұғалімдеріміз де тек ха­бардар болып қана қой­май, өзінің кәсіби біліктілігін кө­те­­ріп, сапалы білім беру жайын шы­ғар­машылық тұрғыдан жан-жақты ойластыруы тиіс. Светлана ФЕРХО, Парламент Мәжілісінің депутаты.