• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2010

Шағын несиенің жаңа бағдарламасы ауылдағы баламалы қызметтерді дамытуға арналды

498 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлі­гі­нің Орман және аңшылық шаруа­шы­лығы комитеті мен “Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арасында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен баламалы қызмет түрлерін дамыту үшін шағын несие беру жөніндегі бес жылдық бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Бағдар­ламаның мақсаты – ерекше қорға­латын табиғи аумақтарға (қо­рық­тар, ұлттық парктер мен табиғи резер­ваттар) іргелес орналасқан ауыл халқына шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін дамыту және жергілікті тұрғындардың тіршілігін жақсарту үшін көмектесу, эколо­гиялық жағдайдың жақсаруына ықпал ету болып табылады. Бұрын мұндай шағын несие түрі Қорғалжын мен Алакөл қорықтарына  және Семей орманына жақын ор­наласқан ауыл тұрғындарына берілген болатын. Енді шағын несиемен қамту аясы кеңейіп, оған ерекше қорғала­тын барлық аумақтарға жақын орналасқан ауылдар кіретін болып отыр. Бір шағын несиенің ең жоғарғы көлемі – 4,4 миллион теңге. Ал бағдарламаның жалпы сомасы 940 мың доллар тұрады. Осы бойынша биоәртүрлілікті сақтауға, ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашы­лықтарын жүргізудің экологиялық қауіпсіз әдістерін енгізуге барынша екпін түсірілмек. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.