“Тур де Франстың” ентігі басылмай жатып, Еуропада тағы бірнеше веложарыс сөреден шықты. Соның Бельгияда биыл бесінші жыл өткізілген “Критериум Profronde van Lommel” турниріне Альберто Контадор қатысып, бас классификация бойынша тағы да бірінші орынға табан тіреді. Осының соңын ала Варшава маңайында “Польша туры” басталып кетті. Оған “Астана” командасының Аллан Дэвис, Максим Гуров, Оскар Перейро, Асан Базаев, Андрей Зейц, Дмитрий Фофанов, Мирко Сельваджи, Александр Дьяченко сынды келесі велошабандоздар тобы қатысуда. Бізден А.Дэвис кезеңдер қорытындысымен әзірге үшінші болып келеді.
“Егемен-ақпарат”.