• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2010

Жаңа...

474 рет
көрсетілді

...балалар кітапханасы ашылды Көрнекті сөз зергері Ғабиден Мұстафиннің кіндік қаны там­ған топырағы Жауыртау, Қожыр мен Ботақара бойы екені белгілі. Осы маңайда кезінде Тельман атты аудан құрылып, орталығы Токаревка атанды. Қазір бұл кент жазушы атында. Мұндағы тұрғындар өмірінде жағымды жаңалықтар аз емес. Соның бірі жасөспірімдерге де арналды. Оншақты жылдан бері бос тұрып, құлауға шақ қалған бұ­рынғы аудандық мекеме ғи­ма­раты қайтадан жаңартылып, ба­лалар кітапханасы үйіне ай­нал­дырылды. Түрлі әдебиет қорына бай, жеке оқу бөлмелері бар, өз ісінің білгір мамандары қызмет көрсететін білім отауы Бұқар жы­рау ауданында соңғы уақытта пай­да болған 27-ші кі­тап­хана. Оған келушілерді ал­ды­мен жер­лес жазушылардың шы­ғармалары тізілген, суреткерлік жолы баян­далған мүйіс қарсы алып тұрады. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы. ...стадионда аудандық спартакиада өтті Қызылжар селолық округіне қарасты Шеңбертал ауылында ашыл­ған жаңа стадионда өткен Ыр­ғыз ауданы жастарының спар­такиадасына өңірдегі бар­лық се­лолық округтерден спорт­шылар қа­тысып, үш күн бойы күш сынасты. 2001 жылы қайта жанданған бұл спорттық дода бұрындары се­лолық округтердің орталықта­рын­да өтсе, соңғы жылдары ша­ғын елді мекендерде ұйымдас­ты­рылып жүр. Спорттың он түрі­нен өткен спартакиадада Ырғыз селолық округінің спортшылары жеңімпаз атанса, екінші орынды Аманкөл селолық округінің спорт­­шылары иеленді. Алаң ие­лері кызылжарлықтар үшінші орынға табан тіреді. Қазақша кү­рес­тен түйе балуандыққа бел­дескен он балуанның арасынан ырғыздық спорт шебері Абылай Қосмұра­товтың бағы жанды. Жаңа ста­дионда өткен аудан жас­тарының спартакиадасы жақ­сы ұйым­дастырылуымен де есте қалды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. Ырғыз ауданы. ...субұрқақ іске қосылады Қазақстан мен Ресей ынты­мақ­тастығы аймақаралық фо­румы­на өскемендіктер қызу әзір­ленуде. Қазақстан мен Ресей Прези­дент­тері Н.Назарбаев пен Д.Медведев­тің қатысуымен өте­тін бұл форумның жөні басқа­ла­рдан бөлек болғалы тұр. Онда екі ел арасын­дағы достық, эко­но­микалық қатынастар ту­ралы бірнеше құжатқа қол қойылмақ. Бүгінде қала көшелері ас­фальт­талып, тұрғын үйлер аула­ла­ры абаттандырылып жатыр. Өскемен­дегі “Центр­энер­го­экс­пертиза” компаниясы төрт бір­дей субұрқақ құрылысын аяқтап қалды. Соның бірі әуежай ғимаратының алдын­дағы алаңда бой көтермек. Жақында облыс әкімі Б.Сапарбаев оның құрылысымен танысты. Сондай-ақ, форум кезінде “Каз­цинк” ЖШС жаңа балалар бақшасы, екі зауытты іске қоспақ. Басқа да әлеуметтік ғимараттар қала сәнін арттыра түседі. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.