• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Үйренуге де, оқытуға да әдіс керек

479 рет
көрсетілді

Елорданың “Rіxos” қонақ үйінде “Абырой” қазақ мәдениеті мен тілін дамыту корпо­ративтік қоры веб-сайтының және “Қазақ тілі”, “Kazakh language. Made easy” қазақ тілін еуростандарт бойынша оқытуға негізделген оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бес дең­гейден тұратын оқулық кешенінің құра­мында оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқушыға арналған тапсырма дәптері және CD табақшасы бар. “Қазақ тілі”, “Kazakh language. Made easy” қазақ тілін еуростандарт бой­ынша оқытуға негізделген оқу-әдістемелік кешеннің ерекшелігі сол, сіз қазақ тілін дүние жүзі мойындаған стандарт негізінде тез меңгере аласыз. Стандарт авторлары Ван Ек және Джим Трим сынды белгілі тіл мамандары болып табылады. Әлемге кең таралған ағылшын, француз, қытай, итальян, неміс, орыс тілдері де аталмыш стандарт бойынша оқытылады” дейді жоба ұйымдастырушылары. Бұл жобаның жетекшісі, “Абырой” қорының директоры Бибігүл Жексенбайдың пікірінше, тіл үйренудің ең оңай тәсілі – тілдің төл табиғатын түсіну. Ересектер мен балаларға арналған бұл оқу кешені мемлекеттік тілді орыс және ағыл­шын тілдері арқылы оқып меңгеруге толық мүмкіндік береді. Алғашқы таралымы 1000 данадан тұратын оқыту кешенінің екінші бөлімінен бастап барлық тапсырмалар мен мәтіндер тек қазақ тілінде беріледі. Себебі, үйренуші ол уақытқа дейін, яғни 15 сабақтан соң қазақ тілін еркін түсіне алатын деңгейге жетеді. Ал енді “Абырой” сайты туралы бір ауыз сөз. Бұл сайттың бір ерекшелігі – қазақ хал­қы­ның мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы то­лық мағлұматтар қазақ, орыс, ағылшын тілде­рінде таралады. Сайтқа кіре отырып, қазақ тілін үйренуге арналған бірнеше әдістемелердің жи­ын­тығымен де танысуға болады. Сайттың элек­трондық мекен-жайы www.abyroі.kz. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.