Кеше Астана қаласында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Кëрбер атындағы германдық қордың өкілдерімен кездесті.
Бұл Қор Бундестаг аппараты мен оның фракцияларында, Федералды Канцлердің ведомствосында, федералды сыртқы істер мен қорғаныс министрліктерінде, бірқатар елшіліктерде жұмыс істейтін және Германия мен Еуропаның сыртқы саясаты мәселелерінде мамандандырылған жас саясаткерлерді біріктірді.
Қазақстандық Омбудсмен қонақтарды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жұмысының ерекшеліктерімен, шағымдардың қаралу тәртібімен, халықаралық құқық қорғаушы конвенциялар мен келісім-шарттар іске асырылғанда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесудің тәжірибесімен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету саласында мемлекет қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.
Республиканың демократия бағытын ұстануы және ЕҚЫҰ-да қазіргі төрағалық ету мәтінінде адам құқықтарын қорғау саласында өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жөнінде ортақ пікір білдірілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.